Ирактың Қорғаныс министрлігі америкалық әскерилерді елден шығаруға дайындалып жатыр
https://parstoday.ir/kz/news/world-i75416-Ирактың_Қорғаныс_министрлігі_америкалық_әскерилерді_елден_шығаруға_дайындалып_жатыр
Ирактың Қорғаныс министрлігі елде америкалық күштер саны азайтылатыны жарияланғаннан кейін: "Ирак Қарулы күштері коалиция күштерін шығаруға және елдің түкпір-түкпірінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндетін өз мойнына алуға толық дайын",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 26, 2024 15:32 Asia/Almaty
  • Ирактың Қорғаныс министрлігі америкалық әскерилерді елден шығаруға дайындалып жатыр

Ирактың Қорғаныс министрлігі елде америкалық күштер саны азайтылатыны жарияланғаннан кейін: "Ирак Қарулы күштері коалиция күштерін шығаруға және елдің түкпір-түкпірінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндетін өз мойнына алуға толық дайын",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ирак СІМ бейсенбі күні кешке мәлімдеме жасап, АҚШ үкіметімен алты ай бойы келіссөз жүргізіп, ДАИШ-ке қарсы коалиция күштерін біртіндеп азайту туралы келіскенін хабарлап: "Осы келісім бойынша аталмыш коалицияның міндетінде болған "ДАИШ-қа қарсы күрес" миссиясы аяқталды",-деді.

Ирактың Қорғаныс министрлігі: "Ирак пен Ұлыбритания арасында коалиция күштерін шығару уақыты туралы келіссөздер алдағы бірнеше күнде басталады",-деп мәлімдеді.