Блинкен: UNWRA-ға қарсы айыптаулар тексеріледі
(last modified Thu, 01 Feb 2024 11:00:54 GMT )
Ақп 01, 2024 17:00 Asia/Almaty
  • Блинкен: UNWRA-ға қарсы айыптаулар тексеріледі

АҚШ Мемлекеттік хатшысы UNWRA-ның палестиналық босқындарға көмектесіп жатқан 12 қызметкеріне қарсы айыптаулардың тексерілуін талап етті.

Al-Alam арнасының хабарлауынша, Энтони Блинкен кеше сөйлеген сөзінде: "Біз Газадағы мұқтаж жандарға көмекті екі есе арттыру үшін келіссөздер жүргізіп жатырмыз",-деді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы: "АҚШ соғыстан кейін Газаны қайта жөндеу үшін ұзақ мерзімді бағдарлама жасап жатыр",-деді.

Блинкен: "БҰҰ – біздің маңызды серіктесіміз. Бірақ UNWRA қызметкерлеріне қарсы айыптаулар тексерілуі тиіс",-деді.

Жуырда сионистік режим: "UNWRA-ның 12 қызметкері 7 қазанда ХАМАС бастаған Палестина қарсыласу күштерінің сионистік режимге қарсы шабуылына қатысты",-деп уәж айтты.  

Сионистік режим UNWRA қызметкерлеріне Палестина қарсыласу топтарымен әріптестік жасады деп айып таққан соң Еуропаның бірнеше елі мен АҚШ осы агенттікке қаржылай көмек беруді тоқтатты.

Тегтер