Ақ үй: Иранмен соғысуды қаламаймыз
https://parstoday.ir/kz/news/world-i75560-Ақ_үй_Иранмен_соғысуды_қаламаймыз
Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің стратегиялық істерді үйлестірушісі: "АҚШ Иранмен соғысуды немесе аймақта ауқымды соғыс жүргізуді қаламайды",-деп мәлімдеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 01, 2024 21:59 Asia/Almaty
  • Ақ үй: Иранмен соғысуды қаламаймыз

Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің стратегиялық істерді үйлестірушісі: "АҚШ Иранмен соғысуды немесе аймақта ауқымды соғыс жүргізуді қаламайды",-деп мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Джон Корби сәрсенбі күні Иорданияда 3 америкалық сарбаз қаза тауып, ондаған адам жараланғанына тоқталып: "Иорданиядағы АҚШ базасына шабуыл жасағандар жауап беруі үшін Вашингтон тиісті шара қолданады",-деді.

Джон Корби: "Иорданиядағы АҚШ базасына шабуылдың артында Ирактың исламдық қарсыласу күштері тұр. Ол көптеген топтардан тұрады. Біз уақыты келгенде осы шабуылға жауап береміз. Жағдайды бақылап отырмыз",-деді.

Джон Корби: "Ирактың Хизбулла батальондары деп аталын топтарға сенбейміз. АҚШ күштеріне шабуыл жасап отырған бір топ емес",-деді.