Венгрия: Біз Еуропаның Ресейге қарсы жаңа санкцияларына қосылмаймыз
(last modified Tue, 06 Feb 2024 11:17:33 GMT )
Ақп 06, 2024 17:17 Asia/Almaty
  •  Венгрия: Біз Еуропаның Ресейге қарсы жаңа санкцияларына қосылмаймыз

Венгрия Сыртқы істер министрі Петер Сийярто дүйсенбі күні бұл ел ЕО-ның Ресейге қарсы жаңа санкцияларына қосылмайтынын баса айтты.

 

Ол бұл сөздерді Эстония Сыртқы істер министрі Маргус Цахкнамен телефон арқылы сөйлескеннен кейін айтып: «Біз Ресейге қарсы санкциялар саясаты сәтсіз аяқталды деп есептейміз, сондықтан жаңа санкциялар пакетінен ешқандай пайда көріп тұрған жоқпыз» деді.

Петер Сийярто: «Еуроодақ Ресейге қарсы 13-ші санкциялар пакетін қарастырып жатыр және оларды Украинадағы әскери операциялардың екі жылдығына орай енгізуді көздеп отыр»,- деп айтты.