Германия үкіметі Украинаға 105 "Леопард" танкін береді
Ақп 08, 2024 19:23 Asia/Almaty
Германия үкіметі Ресеймен соғыста Украинаға ең жаңа әскери көмегінде бұл елге 105 "Леопард" танкісі мен 30 сауытты көлік беретінін мәлімдеді.
Anadolu ақпарат агенттігінің хабарлауынша, осы танктердің көбі Литвада жөндеуден өткеннен кейін Украинаға жөнелтіледі.
Германия 2023 жылы көктемнен осы күнге кейін 30 "Леопард-1" танкісі, 90 "Мордер" сауытты көлігі, 18 "Леопард-2" танкісін Украинаға берді.
Германия сондай-ақ Ресейдің зымырандары мен ұшқышсыз ұшақтарына қарсы күресу үшін Украинаға бірнеше әуе қорғаныс жүйесін беруді жоспарлап отыр.
Ресей соғыс бастағалы бері Германия Украинаға 17 млрд доллар тұратын қару-жарақ жіберген.