Қасиетті Құранды қорлаушы Швециядан шығарылады
(last modified Fri, 09 Feb 2024 15:34:53 GMT )
Ақп 09, 2024 21:34 Asia/Almaty
  •  Қасиетті Құранды қорлаушы Швециядан  шығарылады

Швецияның иммиграциялық соты Құран Кәрімді бірнеше рет қорлаған Ирак пана іздеушісін депортациялауға ақыры келісті.

 

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Швецияның иммиграциялық соты осы елде бірнеше іс бойынша Құран Кәрімді қорлаған ирактық босқын Селван Момиканы елден шығаруға келісті.

Швецияның 4 телеарнасы елдің иммиграциялық сотының мақұлдауымен ирактық пана іздеуші Селван Момика депортацияланатынын хабарлады.

Швеция үкіметі екі ай бұрын Селван Момиканың тұруға рұқсатын қайтарып алған, бірақ Момика Иракқа қайтарылса, қауіп төнеді деп, оны депортациялауды тоқтатқан.

Осының негізінде Момикаға Швецияда 2024 жылдың 16 сәуіріне дейін уақытша тұруға рұқсат берілуі керек еді. Өткен жылы полиция мен Швеция сотының қолдауымен Селван Момика қасиетті Құранды бірнеше жағдайда қорлауға батылы барды және оның әрекетін ислам елдері жаппай айыптады.