Мәскеу Украина армиясының қолбасшысын сатқын деп атады
Ресей Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары украин армиясының жаңа қолбасшысын ұлты орыс болғандықтан сатқын деп атап, оған жиіркеніш білдірді..
Reuters агенттігінің хабарлауынша, Украина президенті Зеленский Украина армиясының жаңа қолбасшысы етіп тағайындаған 58 жастағы Александр Сирский 1965 жылы сол кезде Кеңес Одағының құрамында болған Ресейдің Владимир облысында дүниеге келген. Ол Мәскеуде Жоғары әскери командалық училищесінде білім алған. Сонымен қатар, Украина армиясының жаңа қолбасшысы да Кеңес әскері қатарында 5 жыл қызмет етіп, 1980 жылдан бері Украинаға кіргені айтылады.
Дмитрий Медведев Сирскийді ресейлік офицер ретінде берген антын бұзды деп айыптап, өзінің ресми Telegram-каналында Украина армиясының жаңа бас қолбасшысының өмірбаянына қарап, оған деген өшпенділік және жеккөрінішті сезінетінін жазды.