Ислам ынтымақтастығы ұйымы: Геноцидтік Израиль режиміне қару сатпаңдар
(last modified Tue, 27 Feb 2024 15:39:28 GMT )
Ақп 27, 2024 21:39 Asia/Almaty
  • Ислам ынтымақтастығы ұйымы: Геноцидтік Израиль режиміне қару сатпаңдар

Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Бас хатшысы әлемнің барлық елдерін Израильдің геноцидтік режиміне қару-жарақ пен оқ-дәрі экспорттауды тоқтатуға шақырды.

 

Al-Quds Al-Arabi веб-сайтының хабарлауынша, Голландияның Гаага қаласында орналасқан Халықаралық қылмыстық сотта Израильдің агрессиялық саясатының құқықтық салдарын тыңдау және тексеру барысында Хұсейн Ибрахим Таха сионистік режимге қару-жарақ жөнелтуді тоқтатуда халықаралық қауымдастықтың ынтымақтастығын талап етті.

ИЫҰ Бас хатшысы сионистік режимнің Газа секторындағы қылмыстарын айыптай отырып, халықаралық қауымдастыққа: «Израильдің палестиналықтарға қарсы шабуылдарын жалғастыруымен Газа секторында кең ауқымда соғыс қылмыстары мен геноцидтің орын алу қаупі бар»,- деді.

Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының өкілі Моник Шимилие осы жиында Израильдің Газа секторындағы қылмыстарының құқықтық аспектілері, Палестинадағы қазіргі оқиғалар және Израильдің адам құқықтарын бұзуы халықаралық қылмыстық соттың күн тәртібінде болуы керектігін айтты.

Халықаралық сот дүйсенбі күні 1967 жылдан бері қырғынға ұшыраған сионистік режимнің Палестина жерлерін басып алуының құқықтық салдары туралы бір апталық тыңдауды аяқтады.