Иран Президенті Алжирге ресми сапармен барды
Алжир Премьер-министрі Алжир қаласының әуежайында Иран Президенті Ибрахим Раисиді қарсы алды.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси сенбі күні таңертең аймақтық және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты нығайту және мұсылман әрі жақтас елдермен қарым-қатынасты кеңейту үшін Алжир Президенті Абдулмаджид Теббунның ресми шақыруымен жоғары мәртебелі саяси-экономикалық делегацияны бастап Алжир қаласына барды.
Иран Президенті осы сапарда Газ экспорттаушы елдер (GECF) басшыларының жетінші отырысына қатысып, сөз сөйлеумен қоса, отырыс аясында басқа елдердің жоғары лауазымды басшыларымен екіжақты кездесіп, кеңеседі.
Ибрахим Раиси сондай-ақ жексенбі күні ресми түрде Алжир Президентінің сарайында Абдулмаджид Теббунмен кездесіп, екі елдің жоғары лауазымды делегацияларының ортақ отырысы өтіп, бірнеше ынтымақтастық құжатына қол қойылады.
Раисидің Алжирге ресми сапары Иран Президенттерінің осы елге төртінші сапары болып отыр. Соңғы рет 14 жыл бұрын Иранның оныншы үкіметінің басшысы осы елге сапар шеккен болатын.