Раиси: Сионистік режимнің қылмыстарына үнсіз қалғандар ауыр соққы көреді
(last modified Sun, 03 Mar 2024 12:41:31 GMT )
Нау 03, 2024 18:41 Asia/Almaty
  • Раиси: Сионистік режимнің қылмыстарына үнсіз қалғандар ауыр соққы көреді

Иран Президенті Ибрахим Раиси Газ экспорттаушы елдер (GECF) басшыларының жетінші отырысында: "Әлем елдерін отарлауға негізделген батыстық үстемшіл жүйе қазіргі таңда әлсіреп, мағынадан айырылды. Бұл жүйе өзін сақтап қалу үшін үстемшілдікті жалғастыру керек деп санайды",-деді.

Раиси: "Сионистік режимнің құрылуы біздің аймақта Батыстың үстемдігі мен ықпалын сақтау үшін жасалған отаршылдық жоба болды. Бірақ палестиналықтардың қарсылығының арқасында оның шыны бағаналары құлады. Палестинадағы қазіргі соғыс – зұлымдық мен ізгілік арасындағы текетірес. Бүгін сионистік қылмысқа үнсіз қалғандар ертең өздеріне міндетті түрде қатты соққы жасалатынын білуі керек",-деді.

Иран Президенті АҚШ-тың сионистік режимнің ұйымдасқан терроризмін жан-жақты қолдап отырғанын айыптап: "Егер АҚШ пен Еуропа әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздік орнауын қаласа, өтірік пен екіжүзділіктен бас тартып, Палестина халқын қырып-жоюды тоқтатуы керек",-деді.

Раиси: "Бүгінде Латын Америкасынан Африка мен Еуропаға дейін жер шарының түкпір-түкпірінен Газаның езілген халқын қолдап, әділдік пен бейбітшілік талап еткен үндеулер естіледі. Тіпті АҚШ армиясының офицерлері Батыс елдерінің қылмыстарына қатысқанның орнына өздерін өртеп жіберуді жөн көреді ",-деді.

Тегтер