Иран мен Тәжікстан бірлесіп дәрі-дәрмек шығаруға келісті
(last modified Thu, 07 Mar 2024 12:48:53 GMT )
Нау 07, 2024 18:48 Asia/Almaty
  • Иран мен Тәжікстан бірлесіп дәрі-дәрмек шығаруға келісті

Иранның Денсаулық сақтау министрі Теһранның Тәжікстанға дәрі-дәрмектер мен медициналық құрал-жабдықтар экспорттауға және бірлесіп дәрі-дәрмек шығаруға дайын екенін хабарлады.

Иранның Денсаулық сақтау министрі Бахрам Эйнуллахи Теһранда "Жалпы медициналық қамсыздандыру" атты бірінші халықаралық форум аясында: "Тәжікстан Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып, денсаулық сақтау, емдеу және медициналық білім беру салаларында ортақ бағдарламалар әзірледік. Солардың ең маңыздысы ретінде ұстаздар және студенттермен алмасу, ортақ ғылыми форумдар өткізу, зерттеу жұмыстарын жүргізуге қатысты бағдарламаларды атауға болады",-деді.

Иранның Денсаулық сақтау министрі Тәжікстан халқының Иранға медициналық туризм мақсатында келіп, емделуіне мүмкіндіктер мол екенін айтты.  

 

Тегтер