Нау 08, 2024 19:05 Asia/Almaty
  • Киев ресейлік қару-жарақтарды сатып алу туралы Қазақстанмен келіссөз жүргізіп жатыр

Бір ресейлік ақпарат құралының хабарлауынша, Украина армиясын қару-жарақпен қамтамасыз ететін "Укрспкэксперт" компаниясы ресейлік қару-жарақтарды сатып алу туралы Қазақстанмен келіссөз жүргізіп жатыр.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бір хабардар дереккөзі бейсенбі күні РИА Новости агенттігіне Киевке әскери өнімдер сатып алыну ықтималы туралы хабарлап: "Укрспкэксперт" компаниясы осы елдің қарулы күштерін қамтамасыз ету үшін Қазақстанмен ресейлік қару-жарақтарды сатып алу туралы келіссөз жүргізіп жатыр",-деді.

Ол: "Киев үкіметі Су-24 және МиГ-29 ұшағына қажетті бөлшектерді Астанада тіркелген компаниялар арқылы Ресейден алуы ықтимал",-деді.

Ол Қазақстанның осы салада жасырын қаржы көздері болуы ықтималын айтып: "Бұл Астана үшін үлкен қатер. Өйткені жалған пайданың есесіне экономикасы тоқырап, Ресеймен одаққа нұқсан келеді",-деді.

Тегтер