Францияда діндарларға жаңа шектеулер қойылды
(last modified Thu, 14 Mar 2024 16:34:04 GMT )
Нау 14, 2024 22:34 Asia/Almaty
  • Францияда діндарларға жаңа шектеулер қойылды

Франция үкіметі елде жамағат имамдарына шектеу қоятын жаңа заң қабылдады.

Францияның Ішкі істер министрінің айтуынша, мешіттердегі жамағат имамдары француз тілінде сөйлеп, зайырлылық бойынша оқыту курстарына қатысулары тиіс.

Жеральд Дарманен Франция үкіметінің атынан осы елге жамағат имамдарын жіберетін елдерге: "2024 жылдан бастап басқа елдерден жамағат имамдарын жалдау тоқтатылады",-деп жариялады.

Бұған дейін Францияның Ішкі істер министрлігі осы елде 40 жыл өмір сүрген тунистік имамды елден шығаруға үкім шығарды.

Ислам діні Францияда ең үлкен екінші дін болып саналады.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 60 млн халқы бар Францияда 5-6 млн мұсылман өмір сүреді.

Тегтер