Илон Маск АҚШ-қа тыңшылық жерсеріктерін жасайды
(last modified Mon, 18 Mar 2024 13:17:31 GMT )
Нау 18, 2024 19:17 Asia/Almaty
  • Илон Маск АҚШ-қа тыңшылық жерсеріктерін жасайды

"Х" әлеуметтік желісінің иесі Илон Маск АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік агенттігіне жүздеген тыңшылық жерсерігін жасап жатыр.

Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Илон Маскқа тиесілі "Space Х" компаниясы АҚШ-тың Ұлттық идентификация кеңсесімен бірнеше кезеңді келісімшартқа қол қойды.

"Space Х" компаниясы "Star Shield" тыңшылық жерсеріктерінің бастапқы нұсқаларын басқа жерсеріктермен бірге Falcon-9 зымыранатқышымен ғарышқа жіберді.   

Илон Маск пен Нетаньяху

"Star Shield" тыңшылық жерсерігі Жер орбитасының төменгі бөлігінде орналасып, жер бетін суретке түсіреді.

The Wall Street Journal газеті ақпан айында "Space Х" компаниясы мен белгісіз барлау агенттігінің арасында құны 1,8 млрд долларды құрайтын құпия келісімшартқа қол қойылғанын хабарлады. Бірақ бұл  бағдарламаның егжей-тегжейі жарияланбады.