Израиль – Батыстың империалистік өркениетін құтқару үшін қолданып отырған қолшоқпары
(last modified Fri, 22 Mar 2024 10:52:33 GMT )
Нау 22, 2024 16:52 Asia/Almaty
  • Израиль – Батыстың империалистік өркениетін құтқару үшін қолданып отырған қолшоқпары

Батыс елдері мұсылмандарға шабуылдарын түсіндіру үшін исламды қатыгез дін деп көрсетуге тырысып жатқанына ғасырлар болды.

Крестшілердің соғыстарынан Осман империясына дейін және қазір Газада империализм "Ислам – Батыс өркениетіне қатер" деген қате түсінікке иек артып отыр.

Осы ойдың негізінде сионистік режимнің басшысы Ицхак Герцог 2023 жылы 6 желтоқсанда берген сұхбатында Газада мыңдаған палестиналықтың қаза тапқанына тоқталмастан: "Газа секторына қарсы соғыс – Израиль мен ХАМАС арасындағы соғыс емес, Батыс өркениетін құтқару үшін жүрзіліп жатқан соғыс",-деді.

Бұл уәж тарихи шындықтарды шетке ысырып, іріткі салуды көздейтін көзқарасты ілгерілетуге бағытталған.

Бұл көзқарас АҚШ, Еуропа мен Израильдің империалистік басқыншылықтарының күшеюіне,  Палестина жеріне 75 жыл бойы үстемдік етуіне және этникалық тазалау жүргізіп, палестиналықтың тұрмыс-тіршілігін бұзуына алып келді.

Бұл көзқарас бойынша Батыстан басқаның үні шықпауы керек. Батыс елдері ғана палестиналықтардың арман-мақсаттары мен ұстанымдарын түсіндіре алады.

Израиль режимі 2023 жылы 7 қазанда Батыс елдерінің жан-жақты қолдауымен Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауында Палестинаның қорғансыз халқын қырудың жаңа толқынын бастады.

Сионистік режимнің Газаға шабуылдарынан осы күнге дейін 31 мың палестиналық қаза тауып, 74 мыңнан аса адам жараланды.

Израиль режимінің іргетасы 1917 жылы Ұлыбританияның отарлық жобасына сәйкес түрлі елдердегі еврейлерді Палестина жеріне көшірудің нәтижесінде қалыптасты. 1948 жылы Израиль мемлекеті жарияланды.  

Сол заманнан бері палестиналықтарды қырып-жойып, жерін тартып алу жобалары орындалып келеді.   

 

Тегтер