АҚШ, Франция мен Германия Батыс Азияға қару-жарақ сатуды арттырды
(last modified Fri, 22 Mar 2024 12:48:42 GMT )
Нау 22, 2024 18:48 Asia/Almaty
  • АҚШ, Франция мен Германия Батыс Азияға қару-жарақ сатуды арттырды

Швециядағы бір зерттеу институты өткен онжылдықта Батыс Азияға қару-жарақ экспорттау 25 пайызға артқанын хабарлады.

Әлемдегі әскери қақтығыстар мен қару-жарақ тасымалын бақылап отыратын Стокгольм бейбіт зерттеулер институты (SIPRI): "Соңғы онжылдықта әлем бойынша қару-жарақ саудасы тұрақты болды",-деп хабарлады.  

Сауд Арабиясы, Мысыр мен Катар әскери қару-жарақтар сатып алуды айтарлықтай арттырғаннан кейін Батыс Азияға қару-жарақ экспорты артты. Мысыр мен Катардың әскери қару-жарақтар импорты сәйкесінше 136 және 361 пайызға өсті.

Стокгольм бейбіт зерттеулер институтының хабарлауынша, 2011-2020 жылдар аралығында әлемдік деңгейде қару-жарақ саудасы тұрақты болса да,  АҚШ, Франция мен Германия қару-жарақ экспортын айтарлықтай арттырды. Керісінше Ресей ме Қытайда осы аралықта қару-жарақ экспорттау азайды.

АҚШ, Франция мен Германия  әлемде қару-жарақ экспорттайтын бес ірі елдің қатарына жатады. АҚШ бұрынғыдай әлем бойынша ең ірі қару-жарақ экспорттаушы болып отыр. АҚШ соңғы онжылдықта әлем бойынша қару-жарақ экспортының 32-37 пайызын иеленіп отыр.

Батыс елдерінің Батыс Азия аймағында әскер орналастыруы, Ирак, Ауғанстан мен Сирияда әскери амалдар жүргізуі, Израильдің аймақта болуы батыстық компаниялардың осы аймаққа қару-жарақ сатуының маңызды факторлары саналады.

Тегтер