Йемен Ансаролла қозғалысы: Сионизм – бүкіл адамзат баласына қатер
(last modified Sat, 23 Mar 2024 12:51:41 GMT )
Нау 23, 2024 18:51 Asia/Almaty
  • Йемен Ансаролла қозғалысы: Сионизм – бүкіл адамзат баласына қатер

Йемен Ансаролла қозғалысының бас хатшысы Газада палестиналықтарды жаппай қыру саясатының алдын ала жоспарланғанын айтып: "Бұл геноцид сионистердің айуандық мінезін әшкере етті",-деді.

Әбдімәлік Бәдреддин әл-Хуси АҚШ-ты сионистердің қылмыстарын қолдап отырған басты ел деп атап: "Израильдің Газадағы қылмыстары АҚШ-тың адами және ақлақтық тұрғыдан құлдырағанын көрсетеді",-деді.

Йемен Ансаролла қозғалысының бас хатшысы сионизмді бүкіл адамзат баласына қатер деп атап: "Сионистер бала кезінен мұсылмандарды өлтіруге құштар болуға тәрбиеленеді",-деді.

Әбдімәлік Бәдреддин әл-Хуси сондай-ақ Йеменнің Палестина халқы мен қарсыласу күштеріне қолдау көрсетіп отырғанына тоқталып: "Йеменнің Қарулы күштері осы күнге дейін Газаға қолдау ретінде 479 зымыран мен дронды басып алынған жерлердегі израильдік нысаналарға атты",-деді.

Израиль режимі 2023 жылы 7 қазанда Батыс елдерінің жан-жақты қолдауымен Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауында Палестинаның қорғансыз халқын қырудың жаңа толқынын бастады.

Сионистік режимнің Газаға шабуылдарынан осы күнге дейін 31 мың палестиналық қаза тауып, 74 мыңнан аса адам жараланды.

Израиль режимінің іргетасы 1917 жылы Ұлыбританияның отарлық жобасына сәйкес түрлі елдердегі еврейлерді Палестина жеріне көшірудің нәтижесінде қалыптасты. 1948 жылы Израиль мемлекеті жарияланды. 

Сол заманнан бері палестиналықтарды қырып-жойып, жерін тартып алу жобалары орындалып келеді.

Тегтер