Сәу 09, 2024 18:59 Asia/Almaty
  • Америка мен Ұлыбританияның 2003 жылы Иракқа жасаған шабуылындағы Израильдің маңызды рөлі

Американың Иракқа басып кіруі немесе 2003 жылы бұл елді басып алуы Ирактың жаппай қырып-жою қаруына қол жеткізу және оның лаңкестік топтармен байланысы туралы мәлімдемемен жасалды. Бұл басып кіруге израильдіктер үлкен рөл атқарды.

Жарияланған деректерге қарағанда, Израиль мен АҚШ-тағы AIPAC сионистік лоббисі президент Джордж Бушты Иракқа шабуыл жасауға итертемелеуі басты себебі болды. Мұның себептерінің бірі ретінде Ирактың геосаяси, геоэкономикалық және демографиялық күші мен белсенділігі саналады.
Сол кездегі Израильдің Америкадағы елшісі Дэнни Аялонның айтуынша, Израиль премьер-министрі Ариэль Шарон АҚШ президенті Джордж Бушқа: "Ирактың жаппай қырып-жою қаруы бар",- деген. Беньямин Нетаньяху, Израильдің қазіргі премьер-министрі, сол кездегі Джордж Бушты итермелеп: "Бұл шабуыл - жақсы мүмкіндік, дұрыс әрекет және Таяу Шығысты құтқару",- деп айтты. 
 

Нетаньяху мен Джордж Буш

2003 жылы сионистік Ha'aretz газеті «Ақ адамның жауапкершілігі» атты баяндамасын жариялап: "АҚШ-та Иракқа қарсы соғысқа сенуді 25 немесе 30 неоконсерватордан тұратын шағын топ көтерді, олардың барлығы еврей болды",- деп жариялады.

Осы тұрғыда кейбір британдық газеттер мен ресми тұлғалар 2002 жылы сәуірде Ұлыбритания премьер-министрі Тони Блэр мен Буштың Кроуфордта (Буштың резиденциясы) Иракқа қатысты кездесуін атап өтті.  Британдық дереккөздердің хабарлауынша, ол жабық есік жағдайында өтіп израильдіктер оған телефон арқылы қатысқан.

Джордж Буш және Тони Блэр

 

2002  жылы 16 тамызда Washington Post газеті «Израиль АҚШ шенеуніктерінен Иракқа әскери соққы беруді сұрады» деп жазды.

Шаронның айтуынша, осы кезде Израиль мен АҚШ арасындағы стратегиялық үйлестіру  бұрын-соңды болмаған сатыға жетті және Израиль барлау қызметкерлері Вашингтонға Ирактың ЖҚҚ бағдарламалары туралы әртүрлі алаңдатарлық есептерді берді.

Осы күнге дейін өз шығынын өтеп келе жатқан Ирак үшін ауыр шығын әкелген өтірік  Америка мен Англия Иракқа шабуылды 2003 жылы 19 наурызда «Ирак еркіндігі операциясы» ұранымен бастады.

Ирактықтарға еркіндік бермес түгіл, Ирак билігінің мәліметінше, бұл елде жүздеген мың адамның өмірін қиған операция миллиондаған адамды босқынға айналдырды.

2002 жылы тамызда сионистік «Маарив» газетінде жарияланған сауалнамаға сәйкес, израильдіктердің 57 пайызы жасалған шабуылды қолдады.

 

 

 

 

Тегтер