Мальвин аралдарын Аргентинаға қайтару керек
Ұлыбританияның бұғаздарды басып алу қатері бар.
Отаршылдық азабы жойылмайынша, әлем тыныштық таппайды. Осыған байланысты Аргентинаның Мальвин аралдары, Оңтүстік Джорджия және Оңтүстік Сэндвич аралдары (Georgias del Sur y Sandwich del Sur) және оның маңындағы теңіз аймағына әлем мемлекеттері Аргентина территориясының құрамдас бөлігі ретіндегі қарауы тиіс.
Аргентина Испаниядан тәуелсіздік алған соң бұл елдің аралдары да осы ел территориясының бір бөлігі ретінде азат етілді. Бұл үдерістен бірнеше жыл өткен соң, шамамен 1830 жылы сол кездегі Британ патшалығы Аргентинаның бірқатар аралына шабуыл жасап, аргентиналық билеушілерді тақтан тайдырып, оның тұрғындарын жер аударып, кейінірек аралдардың атауын Фолкленд деп өзгертті.
Содан бері Аргентина халқы бұл аумақты қайтаруды талап етіп келеді. Бірақ Англия тіпті аралдар туралы келіссөздерді бастауға келіскен жоқ.
Өкінішке қарай, әрдайымғы отаршылдық тәсіл бойынша Ұлыбритания аралға негізсіз өз әскер орналастырып, аймақта үлкен шиеленіс тудыратын маневрлер мен жаттығулар өткізеді. Бұл әрекеттер БҰҰ-ның және басқа да халықаралық ұйымдардың көптеген қарарларына қасақана бағынбау болып табылады.
Шын мәнінде Ұлыбритания Оңтүстік Атлант мұхитын милитаризациялауға бағытталған аса қауіпті жобасында өткен жылдан бастап Аргентина аралдарына үшінші елдердің қауіпсіздік күштерін кіргізді.
Ұлыбританияның әскер орналастыруы БҰҰ Бас Ассамблеясының Оңтүстік Атлант мұхитындағы бейбітшілік пен ынтымақтастық аймағына қатысты №11/41 қарарына да қайшы келеді. Қарарда басқа ережелермен қатар басқа елдер, әсіресе әскери тұрғыдан маңызды елдер мұқият әрекет етуге және Оңтүстік Атлантика аймағына бейбітшілік пен ынтымақтастық аймағы ретінде қарап, аймақта ықтималды әскери белсендіктерін қысқарту арқылы Аргентинаның аумақтық тұтастығын құрметтеуге шақырылған.
Ұлыбритания Аргентинаның егемендігі мәселесі бойынша келіссөздерді қайта бастау міндеттемесін орындаудан бас тартумен қатар, біржақты әрекеттерге барып отыр. Бұл шараларға сол аймақтағы Аргентина халқының қайта қалпына келетін және қалпына келмейтін табиғи ресурстарын барлау және пайдалану кіреді. Алайда Аргентина күш қолданудан бас тартып, ұдайы осы қақтығысты бейбіт жолмен шешу құралы ретінде екіжақты келіссөздер өткізуге ынта білдіріп келеді.
Аргентина мен Англия арасында Мальвин аралдары үшін болған соғыстан 40 жылдан аса уақыт өтті. Қуанышымызға орай, Аргентина өз территориясының бүкіл аумағында «толық егемендікті» қалпына келтіру үшін күресті үздіксіз жалғастырып келеді.
Англия мен Аргентина арасындағы Мальвин аралдарына (Фолкленд) қатысты даудың екі ғасырға жуық тарихы бар. Дәлірек айтсақ, бұл дау 1820 жылдан басталған. Лондоннан даулы аралдарға дейін 12 000 шақырымнан аса қашықтық болса да, Англия британ теңізшісі оны алғаш рет 1592 жылы ашты деп мәлімдеп, шамамен бір ғасырдан кейін 1690 жылы аталған аралдарға бірінші ағылшын аяқ басты деп уәж айтып отыр.
Бір қызығы, Ұлыбритания "ашу" деген отаршылдық терминді қолданады. Ондағы байырғы адамдар жоғалып кетіп, еуропалықтар оларды ашу арқылы әлемге, адамзатқа қайтарғандай.
Сарапшылардың сенімінше, британдықтардың Мальвин аралдарын басып алуының басты мақсаты – осы бұғазды бақылау. Ол әлемнің бес стратегиялық бұғазының бірі болып саналады.
Осы аралдарды басқара отырып, Англия Антарктиданың үлкен бөлігіне және осы аймақтың балық шаруашылығына иелік ететін айтты.
Жағалау суларының бір бөлігінде мұнай мен газ ресурстарының болуы бұл аралдардың стратегиялық маңызын арттырды. Осы аймақтың бай энергетикалық ресурстарына қол жеткізу Англияны ескі отаршылдық дәуірден қалған үстемдікті жалғастыруына себеп болды.
Осылайша Ұлыбритания Магеллан бұғазында (Мальвин аралдары мен Оңтүстік Америка құрлығының қалған бөлігі арасындағы бұғаз) үстемдік етуге ұмтылады.
Фолкленд аралдары (Falkland Islands) және Мальвин аралдары (Islas Malvinas) Оңтүстік Атлант мұхитында орналасқан. Архипелагтың орталығы — Стэнли қаласы.
Бұл аймақ екі үлкен және маңызды аралды – Шығыс Фолкленд пен Батыс Фолклендті және 776-ға жуық шағын аралдарды қамтиды. Олардың жалпы ауданы 12 173 шаршы шақырымды құрайды. Олар Аргентинаның шығыс жағалауынан 483 км қашықтықта орналасқан. Ұлыбритания мен бұл аралдардың арасы 12 мың шақырымнан асады.
Әрине, қуанышымызға орай, әлемде хабардарлық артып, ескі отаршылдарға қысым жасалып жатқан соң, Мальвин аралдарында британдық отаршылдық аяқталып, бұл аралдар өздерінің бастапқы иелеріне қайтарылатын сияқты. Бұл әлемде азаттықты талап ететін елдердің әріптестігін қажет етеді.
Иранның Мальвин аралдарын азат етуді қолдауының басты себептерінің бірі отарлық үстемшілдікті азайтып, әлемді тұрақтылық пен бейбітшілікке қарай ынталандыру болып отыр.