Ұлыбритания неге ортаңқол алпауытқа айналды?
(last modified Fri, 19 Apr 2024 14:05:37 GMT )
Сәу 19, 2024 20:05 Asia/Almaty
  • Ұлыбритания неге ортаңқол алпауытқа айналды?

Ұлыбританияның бұрынғы Сыртқы істер министрі Дэвид Милибэнд жуырда: "Ұлыбритания Brexit-тен кейін өз ықпалынан айырылып, әлемдегі ондаған ортаңқол алпауыттың біріне айналды",-деді.

Дэвид Милибэнд – қазір халықаралық құтқару комитетінің атқарушы директоры. Ол өз сөзінде: "Ықпалдың азаюын тоқтату үшін Ұлыбритания сыртқы саясат саласында Еуроодақпен жаңа міндеттемелер мен құрылымдарды қалыптастыруы керек",-деді.

Милибэнд: "НАТО-дағы қарым-қатынасымыз мықты. Бірақ Еуроодақпен байланысымыз жоқ десе де болады",-деді.

Милибэнд сондай-ақ: "Биылғы жылдың соңында Дональд Трамп қайта президент болып сайланған жағдайда Ұлыбритания ықпалының төмендеу үдерісі жылдамдай түседі",-деді.

Оның сенімінше, тіпті егер Джо Байден екінші рет жеңіске жетсе де, АҚШ-тың белсенді және тұрақты жаһандық стратегиялық көшбасшылықты қамтамасыз етуге дайындығы, шыдамдылығы және қабілеті туралы ескерту белгілері бар.

The Guardian-ның хабарлауынша, ол: "Еуроодақ Украинаға қару-жарақ жіберіп, 6 млн украиналық босқынды паналатып, дамудың бас ойыншысы болып табылып, G20 тобына кіріп, сауда, климат және сандық технология саласын бақылаушы алпауыт болып отырған әлемде бізге өз ойлау тәсілімізді өзгерткеннен басқа амал қалмайды. Ұлыбританияның Еуроодақтан бөлек Ресейге қатысты саясаты да әлсіреді, сондықтан ықпалы азырақ болады. Қытайға қатысты да осылай",-деді.

Сондықтан Ұлыбритания 2019 жылы қабылдаған Еуроодақпен саяси қарым-қатынас жасаудан бас тарту туралы шешімін өзгертуі тиіс. Сыртқы саясат, қорғаныс, қауіпсіздік және даму саясатындағы мүдделерге қатысты ынтымақтастық мен үйлесімдікті ілгерілету үшін міндеттемелер мен құрылымдар қалыптасуы керек.

2007-2010 жылдары Тони Блэр мен Гордон Браунның кезінде Сыртқы істер министрі болған Милибэнд: "Brexit-тен кейін Ұлыбританияның тағдыры басқа елдермен саудаласудың орнына өз шешімдеріне ғана байланысты болады деген иллюзия бар еді",-деді.

Милибэнд: "Джонсон үкіметі Ұлыбритания саясаткерлері үшін туындаған қатерді көрсетті: Күшті, епті, білікті, кейде жыртқыш мемлекеттер мен мемлекеттік емес субъектілер үстемдік ететін әлемдегі Ұлыбританияның күші мен жағдайы туралы жаңсақ ойлауға болмайды. Біз өз күшіміздің шындығын бұрынғыдай емес, бүгінгідей түсінуіміз керек. Бізде Сауд Арабиясының бюджеті, Еуроодақтың Франциядағы базасы, Түркияның аймақтағы белсендігі мен тәуекелшілдігі, Үндістан мен Индонезияның демографиялық күші жоқ. Біз әлемдік жүйедегі «орта алпауыттардың» біріміз",-деді.

Милибэнд: "Біздің байлығымыз, әскери күшіміз және басқаларға қатысты беделіміз соңғы онжылдықта төмендеді. Экономикадан бастап климаттық дағдарысқа, ұлттық қауіпсіздік пен халықаралық дамуға дейінгі өмірлік маңызды мүдделерге қатысты әрекет етпесек, жағдайымыз нашарлайды. Мұның себебі қарапайым: әлем дұрыс емес теңгерімге бет алды және Ұлыбритания кейбір негізгі үдерістердің қате жағында тұр",-деді.

Тегтер