Сәу 29, 2024 22:40 Asia/Almaty
  • Адамгершіліктің болуы жеткілікті

Ирандық сарапшылардың АҚШ университеттеріндегі жағдай туралы көзқарасы

Бір сарапшының айтуынша, Батыс елдері демократия, адам құқығы және сөз бостандығын құрал ретінде пайдаланып отырғаны сондай, қазір тек түрлі түстілер нәсілдік кемсітушілікке қарсы күреспейді, университет қауымы және тіпті АҚШ-тың кейбір саясаткерлері мен жауапты басшылардың балалары да наразылық білдіре бастады.  

Колумбия университетінде Палестинаны қолдап наразылық білдіргендердің арасында жүздеген адам қамауға алынғаннан кейін АҚШ-тың университеттерінде наразылық акциялары күшейе түсті. Бұл акция АҚШ-тағы барлық университеттерге ғана таралып қойған жоқ, басқа елдердің университеттеріне таралып жатыр.  

17 сәуірде Нью-Йорктың Колумбия университетінде наразылық акциясы басталды. Наразы студенттер осы университеттің Газадағы соғыста рөл ойнаған Израиль органдарымен байланысты үзуін талап етті. Басқа университеттердегі наразылардың да талаптары ұқсас.

АҚШ үкіметі осы шерулер мне митингтерді тоқтату үшін бір әскери әрекетке барды.

Мигрант емес америкалықтардың белсене қатысуы

Теһран университетінің әлемдік зерттеулер факультетінің ғылыми кеңесінің мүшесі Фуад Изади:

Бұл шеруге қатысу үшін сізге мұсылман болу немесе солшылдардың бірі болу қажет емес. Осы видеоларды көрген соң шеруге қосылу үшін адамгершіліктің болуы жеткілікті.

Батыс ақпарат құралдары бұл оқиғаларды бұрмалап көрсетуі мүмкін. Бірақ бұл істің мән-жайын өзгертпейді.  

Егер наразы халықтың қандайда бір бөлігі мұсылман болса, олардың мигрант емес екенін білген жөн. Шетелдік студенттер АҚШ-тан шығарып жіберу ықтималы зор болғандықтан, әдетте наразылықтарға қатыспайды. Наразылардың қатарында мұсылмандар болса да, болмаса да, олар америкалық азаматтар. Олар америкалық болғандықтан да, еселенген жауапкершілік сезінеді.

Шынайы либерал-демократиялық түйткіл

Иранның "Пайям-е нур" университетінің ғылыми кеңесінің мүшесі Саид Абдулмалеки:

АҚШ 2009 жылы атом бомбасын табамын деп Ирактың астаң-кестеңін шығарды. Бірақ бұл өтірік еді. Қазірге дейін Газада 35 мыңнан аса адам қаза тапты. Олардың көбі – қорғансыз әйелдер мен балалар. Либерал-демократия бұл геноцидті қалай ақтайды?! Шын мәнінде әлемнің қоғамдық пікірі мен АҚШ-тың университет қауымын осы салада қанағаттандыра алатын дәлел жоқ. Студенттер мен ұстаздар ауқымды толқу жасады. Өйткені бұл жүйе олардың болмысы, намысы мен адамгершілігін тартып алғандай сезінеді. Іс жүзінде олар бір милитаристік және агрессивті режиммен бетпе-бет келіп отыр. Университеттік жүйе бүгінге дейін осы милитаристік машинаның дөңгелегіндей болды. Студенттердің міндеті осы өлім машинасының дөңгелектерін майлау еді.

Батыс елдері демократия, адам құқығы және сөз бостандығын құрал ретінде пайдаланып отырғаны сондай, қазір тек түрлі түстілер нәсілдік кемсітушілікке қарсы күреспейді, университет қауымы және тіпті АҚШ-тың кейбір саясаткерлері мен жауапты басшылардың балалары да наразылық білдіре бастады.

Бұл университеттік көтерілістің жан-жақты әлеуметтік көтеріліске айналуы алыс емес. Өйткені АҚШ үкіметінің бала өлтіретін және геноцид жасайтын сионистік режимге жан-жақты қолдау көрсетіп, қорғауы АҚШ-тың саяси-әлеуметтік капиталы, яғни америкалық құндылықтарына еш абырой қалдырмады.  

Болмыстық қақтығыстардың байсалды рөлі

АҚШ істері жөніндегі сарапшы Хади Хосроушахин:

Фрэнсис Фукуяманың "Болмыс" кітабында жазылған теорияға сәйкес, 2016 жылы қарашадан кейін АҚШ-тың болмыстық қақтығыстар кезеңіне аяқ басқанына дәлелді айғақтар бар. Болмыстық қақтығыстардың пайда болуының бірнеше себептерін атап өтуге болады.  

Қақтығыстардың пайда болуының ең маңызды себептерінің бірі Батыстың либерал-демократиялық жүйесіндегі кейбір кемшін тұстар болуы мүмкін.

АҚШ қоғамында болмыстық қақтығыстар аясында туындайтын түрлі дауыстарды көрсету механизмі жоқ.  АҚШ-та соңғы кезде наразылық акцияларының көбейіп, жалғасуын, сонымен бірге ішкі саясатта түйткіл тудыруын осы тұрғыдан талдауға болады. Сыртқы саясаттағы басқа тақырыптарға керісінше, әдетте АҚШ-тың ішкі саясатында мұндай мәселелер азырақ көрініс тапқан. Бірақ Газадағы геноцид мәселесі ақыры ішкі саясатта да түйткіл тудырды. Осы тұрғыдан алғанда, бұл құбылысты АҚШ-тың болмыстық қақтығыстар дәуіріне кіруінің бір бөлігі немесе бір көрінісі деп санауға болады. Іс жүзінде екі негізгі ағым арасында болмыстық қақтығыс бар. Бір ағым бойынша, ақ нәсілділердің үстемдігін сақтауды жақтайтындар ұлттық және болмыстық әралуандығы жоқ тарихи әрі текті Америкаға қайтып оралуды қалайды. Оған қарсы ішкі және сыртқы саясатта талап-тілектері назарға алынбайтынын сезетін ағым бар.  

Қақтығыс түбегейлі негіздер мен принциптерге байланысты болғандықтан, бұл қақтығыс автоматты түрде зорлық-зомбылыққа ұласады. 2020 жылы қарашада АҚШ-та болған президенттік сайлауда жүргізілген кейбір сауалнамалар көрсеткендей, қос тарап – демократ Байденнің жақтастары да, республикашыл Трамптың жақтастары да сайлау мақсаттарын жүзеге асыру үшін белгілі бір мөлшерде саяси зорлық-зомбылыққа жол беруге болады деп санайды.  

Наразылық акцияларының қарапайым халық арасында таралу ықтималы

Теһран университетінің Палестинаны зерттеу институтының ұстазы Хади Борхани:

АҚШ пен Батыс елдерінде университеттердің орны ерекше. Наразылықтар АҚШ-тың ең үздік университеттерінде болып жатыр. Егер жалғасын тапса, өзгерістер толқыны қарапайым халыққа берілуі мүмкін.  

Наразылықтар қарапайым халыққа ауысқан жағдайда АҚШ үкіметі оның алдын ала алмайды. Бұл іс ақырында сионистік режим мен оның АҚШ-тағы лоббиі үшін қауіпке айналады.

АҚШ-та "жартыкеш демократия" қалыптасқан. Егер халықтың басым бөлігі сионистік режимді қолдауға қарсы болса, бұл саясат орындалмайды. Сонда Вашингтонның Тель-Авивті қолдауына қатер төнеді.  

 

Тегтер