Maм 06, 2024 19:02 Asia/Almaty
  • ИЫҰ  Газада атысты дереу, тұрақты және сөзсіз тоқтатуды талап етті

Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Газада атысты дереу, тұрақты және сөзсіз тоқтатуды талап етті.

 

Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы (ИЫҰ) басшыларының 15-ші екі күндік конференциясы жексенбі күні Гамбияның астанасы Банжулда «Тұрақты даму үшін диалог арқылы бірлік пен ынтымақты нығайту» ұранымен қорытынды мәлімдеменің бекітілуімен аяқталды.

ИРНА-ның дүйсенбі күнгі хабарлауы бойынша, ИЫҰ-на мүше елдер осы ұйымның 15-ші саммитінің қорытынды мәлімдемесінде сионистік режимнің Газа секторы тұрғындарын қырғынға ұшыратуын айыптап, осы сұмдық қылмысты жасағандардың жазалануын талап етті.

Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Бас хатшысы Хұсейн Ибрахим Таха Палестина халқына қызмет ету үшін күш-жігерді, бірлік пен ынтымақтастықты арттыруға баса назар аударды.

Қазіргі уақытта Гамбия төрағалық ететін саммиттің 15-ші раундының күн тәртібінде Палестина мәселесі, бейбітшілік пен қауіпсіздік, ұйымға мүше емес елдердегі мұсылман азшылық мұсылмандардың жағдайы және құқықтық, адами, әлеуметтік, мәдени, экономикалық, ғылыми, технологиялық, бұқаралық ақпарат құралдары, әкімшілік және қаржылық мәселелер.

Банжул мәлімдемесінде Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдер басшылары сионистік режимнің үздіксіз басқыншылығының нәтижесінде Газа секторы мен оның тұрғындары бастан кешіп жатқан гуманитарлық апатпен күресудегі өзара ынтымақтастықты және тез арада атысты және Газа секторындағы Палестина халқына қарсы жаппай агрессияны сөзсіз тоқтатуды талап етті.

Тегтер