Maм 08, 2024 18:06 Asia/Almaty
  • Пәкістан: Біз Америкаға әскери база берген жоқпыз және бермейміз

Равалпиндиде өткен баспасөз мәслихатында Пәкістан армиясының баспасөз хатшысы бұл елдің Америкаға әскери база бермегенін де, бермейтінін де мәлімдеді.

 

Генерал-майор Ахмед Шариф Чаудри Исламабадтың АҚШ-қа 2 база берді деген хабарларды жоққа шығарып, Пәкістанның өзінің әскери базаларын ешкімге бермейтінін баса айтты.

Ахмед Шариф Чаудри «Пәкістан Америкаға Белуджистанның оңтүстік-батысы мен Хайбер-Пахтунхваның солтүстік-батысындағы әскери базаны берді ме, жоқ па?» деген сұраққа жауап беріп, бұл мәлімдемені тек үгіт деп атады.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Вашингтон Исламабадтан Иран, Ауғанстан және Қытайды бақылау үшін елде екі әскери база құруды сұрады деген расталмаған ақпарат тараған болатын.

Деерккөз: Анадолы ақпарат агенттігі

 

 

Тегтер