Maм 18, 2024 17:44 Asia/Almaty
  • Олармен жұмсақ бол /  Қарттарды құрметтеу туралы Пайғамбар мен Әһле Бәйттен келген кейбір кеңестер

Шиіттердің төртінші имамы имам Саджад (ғ.с.): «Жасына байланысты,  қарт адамды құрметте. Оған сабырлы, байсалды және баяу қарым-қатынас жаса, сонымен қатар оның қадір-қасиетін көтер»,- деді.

Исламның ахлақ мектебінде құрметке қатысты басқа да құндылықтар мен өлшемдермен қатар, кәрілік адамның қадір-қасиетін сақтаудың маңызды өлшемдері мен үлгілерінің бірі болып саналады. Әлемде қарт адамдар санының артуы қартаю және қарт адамдармен қарым-қатынас жасау мәселесін адамзат қоғамының маңызды мәселелерінің біріне айналдырды. Сондықтан осы әлеуметтік қорлармен қалай бетпе-бет келу және олармен қарым-қатынас жасау керектігі туралы діни ілімдерді зерттеу қажеттілігі бұрынғыдан да көбірек сезіледі.

Қарт адамдарға қарсы тұрған батыс мәдениеті

Батыс қоғамдарының мәдениетіндегі егде жастағы адамдарға деген маңыздылық пен құрмет деңгейі исламның бай мәдениетімен салыстырғанда айтарлықтай алшақтыққа ие. Батыста қарттарға арналған көптеген үйлердің болуы осы қоғамдардағы қарттардың өте құлдыраған және деградацияланған жағдайын көрсетеді. Өкінішке орай, қазіргі дәуірде кең таралған қарым-қатынастың пайда болуымен және әртүрлі мәдениеттердің бір-бірімен кездесуімен батыстық қоғамдар нәтижесінде бұл көзқарас ислам қоғамдарында пайда болды және қарттар үйінің саны артты. Ислам мәдениетіндегі қатаң бұйрықтар бойынша отбасының балалары ата-анасына жан-жақты қамқорлық жасауға міндетті.  

Пайғамбар мен Әһле Бәйт рауаяттарындағы қарттардың орны

Пайғамбар мен оның жанұясы қарттарға қолдау көрсетуді илаһи, діни және ахлақтық құндылық санап, қарттарды құрметтеді. Олардың айтуынша, қарт адамдармен әдептілік сақтау олардың психикалық денсаулығын жақсартады, олардың өзін-өзі бағалауын арттырады.

Шиіттердің төртінші имамы имам Саджад (ғ.с.): «Жасына байланысты,  қарт адамды құрметте. Оған сабырлы, байсалды және баяу қарым-қатынас жаса, сонымен қатар оның қадір-қасиетін көтер»,- деді.

Имам Саджад (ғ.с.): «Жасына байланысты,  қарт адамды құрметте»

 

Әһле Бәйт көзқарасы бойынша адамдардың жасының ұлғаюы илаһи рақымдылықтың көбірек түсуіне себеп болады. Бұл жайында шиіттердің алтыншы имамы Имам Садық (ғ.с.) былай дейді: «Мүмін 50 жасқа толғанда Алла оның есебін жеңілдетеді, жасы 60-қа жеткенде Алла Тағала тәубе етуді нәсіп етсін, жасы 70-ке жеткенде Алла және жәннәт халқы оны жақсы көреді, 80-ге жеткенде жақсы амалдарын жазып, жамандықтарын өшіреді, ал 90 жасқа келгенде өткен және болашақ күнәларын кешіреді».

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) басқа бір рауаятта:

«Қарттарды құрметтеу – Алланы құрметтеу сияқты, ал оларды сыйламаған адам бізден емес»,- деген.

Имам Садық (ғ.с.) да осыған ұқсас рауаятта қарттарды  құрметтеу туралы: «Ақ сақалды мүмінді құрметтеу – Алланы құрметтеу, ал кім мүмінді құрметтесе, шын мәнінде Алланы құрметтеген болады, ал кім ақ сақалды мүмінді қорласа, Алла тағала оған өлмес бұрын оны қорлау үшін біреуді жібереді»,- деп айтқан.

Қарттарға сәлем беруге асығу

Имам Садық (ғ.с.) былай дейді: «Кіші үлкенге сәлем беруі керек». Сондай-ақ ол үлкенді сыйлаудың тағы бір мысалын одан бұрын сөйлемеу деп санайды және былай дейді: «Бір күні Пайғамбарға үлкенді-кішілі екі адам келеді де, жас жігіт қарияның алдында сөз бастады. Пайғамбар: «Бірінші, үлкен адам»,- деді».

Намазда қарттардың жағдайын абайлау

Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Жамағат намазының имамы болған кезде, намазды сөзбай оқыңдар, өйткені халық арасында жастар да, кәрілер де, кемтарлар да, науқастар да бар».

Алдымен қарттар

Ислам пайғамбарына су әкелгенде, ол: «Алдымен үлкендерден баста», – деген.

 

Дереккөз: Бәдиезадеган, Илаһе Садат, 1402. Құрандағы қарттың орны және Әһле Бәйт (ғ.с.) өмірбаяны. Iqna ақпарат агенттігі

 

   

  

 

 

 

 

 

  

Тегтер