БҰҰ: Иран сияқты ешбір ел босқындарға мұндай қызмет көрсетпейді
БҰҰ-ның Халықаралық босқындар ұйымының өкілі: "Босқындардың көптігіне қарамастан ИИР-дың оларға көрсетіп жатқан қызметтері әлемде теңдессіз",-деді.
БҰҰ-ның Халықаралық босқындар ұйымының өкілі Лалини Вирасами Иранның оңтүстігіндегі Фарс облысының шетелдік азаматтар мен босқындар ісі жөніндегі басқармасының бас директоры Бехранг Құрбанимен кездесуінде: "Шектеулерге қарамастан, ИИР үкіметінің өз жеріндегі босқындарға көңіл бөлуі шынымен теңдессіз. Ешбір елде мұндай қызмет көрсетілмейді. Бұл мәселе жиындарда талай рет айтылды",-деді.
Иранның Фарс облысының шетелдік азаматтар мен босқындар ісі жөніндегі басқармасының бас директоры Бехранг Құрбани де осы кездесуде: "Иранда босқындар медицина, білім алу және т.б. салаларда ирандық азаматтар қолданатын қызметтерді пайдаланады",-деді.
Фарс облысының әкімі Иранда орналасқан халықаралық ұйымдардан шетелдік босқындардың өз елдеріне ерікті түрде қайтуына жағдай жасауға көңіл бөлуді сұрады.
Батыс Азиядағы кейбір елдер, соның ішінде Ауғанстан мен Иракта жылдар бойы соғыс, басқыншылық және тынышсыздық болғанына байланысты ИИР өткен қырық жылда миллиондаған босқынды қабылдады.
Екінші дүниежүзілік соғыста да Иран 100 мыңнан аса еуропалық босқынды, соның ішінде 74 мың польшалық босқынды қабылдады.
Кейінгі жылдары Әзірбайжан мен Армения арасындағы соғыстан зардап шеккен азаматтарды қабылдауды да осы аяда бағалауға болады. Шын мәнінде Иран халқы түрлі замандарда әртүрлі елдерден босқын қабылдады.