Дүниежүзілік шіркеулер кеңесінің Израильдің геноцидіне және қылмыстарына реакциясы
Дүниежүзілік шіркеулер кеңесі (WCC) Газа секторында дереу атысты тоқтатуға және аймаққа ешбір шартсыз гуманитарлық көмек жіберуге шақырды.
Израильдің Газаға жасаған шабуылынан сегіз айдан астам уақыт өтті, 2023 жылдың 7 қазанынан бері Газа халқының жаппай қырылуы әлі де жалғасуда.
Pars Today агенттігінің хабарлауынша, әзірге бұл топтағы адамдардың гуманитарлық көмекке қол жеткізуі өте шектеулі.
Швейцарияда орналасқан Дүниежүзілік шіркеулер кеңесі сейсенбі күнгі мәлімдемесінде атысты тоқтату Газа халқының қайғы-қасіретін тоқтатады деп баса айтты.
Бұл мәлімдемеде былай деп айтылды: "Газа секторындағы соғыс пен қайғы-қасірет Израиль армиясының осы аймақтағы әрекеттерінің соқыр сипатынан және халықаралық гуманитарлық заңдар мен этиканың негізгі қағидаттарын сақтамауынан туындады».
«Дүниежүзілік шіркеулер кеңесі» мәлімдемесінде Газа халқының гуманитарлық көмекке сөзсіз қол жеткізуі, мұқтаж жандарға жеткілікті көмек көрсету және аймақ халқының бейбітшілік пен абыройлы өмір сүруі үшін мазмұнды саяси процесті бастау ерекше атап өтілді.
2023 жылдың 7 қазанынан бері Израиль армиясының Газа секторына жасаған шабуылдарында 37 мыңнан астам адам шәйіт болып, 85 мыңға жуық адам жарақат алды.
Бұл кезеңде Израиль Газадағы қырғын, қирау, соғыс қылмыстары, халықаралық заңдарды бұзу, көмек ұйымдарын бомбалау және ашаршылықтан басқа ештеңеге қол жеткізген жоқ.