Маусым 13, 2024 17:41 Asia/Almaty
  • Бір канадалық институттың ескертуі: АҚШ-та азаматтық соғыс болуы мүмкін

"Канада саясатының перспективасы" зерттеу институты АҚШ-та азаматтық соғыс болуы ықтималын ескертіп, Оттава үкіметінен осы сценарийдің салдарларымен күресуге дайындалуды сұрады.

"Канада саясатының перспективасы" зерттеу институты 37 беттен тұратын есепте: "АҚШ-та идеологиялық алшақтық артып, демократия әлсіреген жағдайда ішкі қайшылықтар елде азаматтық соғыс тудыруы мүмкін",-деп мәлімдеді.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл есепте АҚШ-қа қатысты басқа да сценарийлер айтылған. Жергілікті биологиялық қарудың таралуы мен ашаршылықты атап өтуге болады.

Politico америкалық басылымы осы есепке сілтеме жасай отырып, былай деп жазды:

Көршіміздің (Канада) біздегі зорлық-зомбылық оқиғаларынан қорқатынын білу алаңдатады. Канадалықтардың есебі есеңгіретті! Бұл Республикалық немесе Демократиялық партиялардың ойдан шығарылған есебі емес, керісінше шет ел және дос үкіметтің болжамы. Олар АҚШ қоғамындағы ұлттық бөліністің салдары туралы ойлайды.

Politico америкалық басылымы былай деп сұрақ қойды: АҚШ пен Канада халқы бұл есепті қаншалықты байыпты қабылдауы керек? Есепте Канада үкіметіне дайындалуды қажет ететін бүлдіргі оқиғалар туралы жүздеген сарапшылар мен мемлекеттік шенеуніктердің пікірлері зерттелген. Содан кейін сценарийлер олардың орын алу ықтималдығына, олардың қаншалықты жылдам болатынына және бұзу-бүлдіру көрсеткіші қаншалықты болатындығына байланысты сұрыпталған.

Қауіпсіздік мекемелері мен Батыс институттары, әсіресе АҚШ-тың ішкі институттарының бұл елде азаматтық соғыс болуы мүмкін екенін ескертіп жүргеніне бірнеше ай болды.

Куәлер АҚШ-тың «ішкі суық соғыстан» (қырғи қабақ соғыстан) «ішкі ыстық соғысқа» (азаматтық соғысқа) өтіп жатқанын көрсетеді. «Ішкі суық соғыс» бірнеше жыл бұрын, тіпті Трамп 2017 жылдың қаңтарында Ақ үйге кіргенге дейін басталған. Америкалық консерваторлар мен либералдар саяси ұстамдылықтан бас тартып, бір-бірін елдегі саяси сахнадан физикалық түрде алып тастау үшін күреске кірген кез болды.

АҚШ-та азаматтық соғыс болуы мүмкін деген қауесет 2021 жылдың қаңтарында Трамп жақтастарының АҚШ Конгресіне шабуылынан кейін күшейді.

Тегтер