Маусым 15, 2024 18:42 Asia/Almaty
  • Путин: Әлемдегі қазіргі жағдай Батыс елдерінің өзімшілдігінің және менмендігінің нәтижесі

Pars Today: Ресей президенті әлемдегі қазіргі жағдайдың батыс елдерінің өзімшілдігінің және менмендігінің нәтижесі екенін айтып, әлемнің қайтып оралмайтын нүктеге жақындағанын мәлімдеді.

 

Владимир Путин жұма күнгі баспасөз мәслихатында АҚШ пен оның одақтастарының Ресейді стратегиялық жеңіліске ұшыратуға тырысып жатқанына тоқталып: "АҚШ-тың империялық мәртебесін кез келген әдіспен сақтап қалу әрекеті тек бұл елді құлдырауға әкеледі",- деді.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Путин осыған байланысты Украинадағы соғысқа сілтеме жасап: "Бұл дағдарыс Ресей мен Украина деген екі ел арасындағы қақтығыс емес, бұл соғыс Батыстың агрессивті саясатының нәтижесі. НАТО дипломатиясы бір елді кінәлап, бар күшін соған бағыттайды. Ресей Украина қақтығысы бейбіт жолмен шешіледі деп үміттенгенімен, Мәскеудің барлық ұсыныстары қабылданбады",- деп айтты.

Ресей президенті сөзінің жалғасында Ресейдің Еуропаға шабуыл жасауды көздеп отырғаны туралы хабарларды теріске шығаруды жалғастырып: «Бұл айыптау мүлдем негізсіз және қарулану жарысын ақтау, Еуропаға қауіп Ресейден емес, Америка Құрама Штаттарының өзіне басты қауіп",- деп мәлімдеді.   

 

Тегтер