Қажылық, өркениеттік ислам және жаһандық қарсылық
Нәсілшілдікке қарсы адамзаттық одаққа қарай. Әсіресе Батыс Азия аймағында жаһандық көзқарасқа ие бола тұра, исламдық және адами қарым-қатынастарды нығайту – тамыры терең, күтілетін және теориялық мәселе. Қажылық рәсімінде бұған ерекше мән беру керек. Қажылықтың жаһандық әлеуметтік жүйені құрудағы орнына назар аудару өте маңызды.
"Алеф" ақпараттар базасында "Газа, қажылық, жаһандық ислам өркениеті үшін тарихи мүмкіндік" атты мақала жарияланды. Соның қысқаша нұсқасына тоқталамыз.
Ислам революциясының жетекшісі биылғы қажылыққа барушыларға жолдауында былай дейді: " Алланың әмірімен әр заманда, қажылық мезгілінде барша адамды Қағбаға шақыратын Ибраһимнің жүрекке жылы тиетін әуезі бар. Алла алуан түрлі адамдарды жаратып, Исламның адамдық ауқымы мен рухани факторының құдіретін мұсылмандар мен өзгелерге көрсетті".
Көріп отырғаныңыздай, Ислам революциясының жетекшісі өз баяндамасында Қағбаны барлық адамдарға тиесілі деп атады. Осы тұрғыдан Қағба мен исламның жаһандық аспектісіне ерекше назар аударды. Ол қажылық рәсімдерін адам баласының тең дәрежедегі қадір-қасиетінің көрінісі деп атады. Ақырында Газа мәселесіне назар аудара отырып, биылғы қажылыққа қатысушылардан жаһандық залымдарды даттауды талап етті.
Шындық мынада имам Хаменеи Ислам революциясының негізін қалаған имам Хомейни сияқты әрқашан өркениеттік және жаһандық (адамдық) көзқарасты баса айтып келеді. Газа мәселесі мен сионистік режимнің қоғамдық пікір алдында бұрын-соңды болмаған құлдырауын ескерсек, жоғарыда айтылған тақырыптың маңызы күшейе түседі.
Осы дискурста тіпті халық – белгілі бір шекара және географиямен шектелмейтін ұғым. Философиялық көзқарас тұрғысынан Ислам революциясының идеясы кез келген сыртқы көрініс пен материализмнен ада. Адам терісінің түсіне немесе нәсіліне баса назар аудару сыртқы көрініс мен материализмнің мысалы болып табылады.
Тағы бір мысал – география мен шекараға шамадан тыс тәуелділік. Бірақ революциялық исламға негізделетін болсақ, сырттан гөрі ішке баса назар аударылуы тиіс. Осы тұрғыдан Ислам революциясының ерекше динамикасы жеке адамдардың нәсіліне немесе тіпті дініне тәуелді емес және ешқашан шекарамен шектелмеді.
Батыс елдері бұл динамикаға тосқауыл қою үшін Иранға сегіз жылдық соғыс таңып, оны өркениеттік және трансшекаралық мәселерден алшақтатып, ішкі мәселелерге назар аудартып, ұлтшылдық пен шекарашылдыққа байлануын қалады. Бірақ Батыс та Ислам революциясының жаһандық сипат алып, өркениетке айналуын тежей алмады. Керісінше Ислам революциясы 8 жылдық Қасиетті қорғаныс кезінде қазіргі заманның саяси тарихында бірегей шабыт пен ізгілендіру көзі бола білді.
Айта кету керек, Батыс өзінің азаматтық соғыстарының тарихи тәжірибесінде ұлтшылдық идеясынан аймақшылдыққа, тіпті трансаймақтыққа өтуге тырысты. Еуроодақтың құрылуы алдымен Еуропадағы діни соғыстардан және одан кейінгі Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстардан туындаған тарихи процестің жемісі болып табылады.
Қазіргі таңда Ислам революциясы жетекшісінің өркениет қалыптастыруы мұсылман елдерінің бірігуіне және одан да жоғарырақ бүкіл әлемде жаһандану (Батыс капитализміне) қарсы әділеттік пен азаттық талап етуші халықтық майданның құрылуына септігін тигізіп жатқанын Батыс жақсы біледі.
Соңғы жылдары қажылық рәсімдеріне ерекше мән беріліп жатыр. Бұл маңыздылық Батыс Азияда ерекше оқиғалардың орын алуымен байланысты болып отыр, соның ішінде ДАИШ басып-жаншылды, АҚШ-тың Батыс Азия аймағындағы ықпалы азайды, "әл-Ақса дауылы" операциясы және 7 қазан мен 13 сәуірде берілген шынайы уәдеден кейін сионистік режим әлсіреді.
Биылғы қажылық осындай тұғырнаманың арқасында мәртебелі әрі ерекше болатыны сөзсіз және Ислам революциясы алға тартқан жаһандық әрі өркениетті исламның символы және шыңы болуы мүмкін.