New York Times: Израиль күн өткен сайын оқшауланып жатыр
"New York Times" америкалық газеті: "Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху деструктивті саясатымен бұл режимді одан ары оқшаулай түсті",-деп жазды.
"New York Times" америкалық газеті: "Израильдің бейбіт замандағы саясаты да ақылға қонымсыз. Бірақ соғыс кезінде бұл ресми түрде таза ақымақтық. Израиль күн өткен сайын оқшауланып жатыр. Өйткені ешбір ел мұндай саясат ұстанатын режиммен байланысқысы келмейді",-деп жазды.
Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, америкалық сарапшы әрі тілші Томас Фридман бұған дейін "Біз білетін Израиль жойылды" атты мақаласында Израильдің деструктивті саясатына тоқталған.
Томас Фридман өткен сайлауда Израильдің қазіргі оңшыл коалициясы жеңіске жеткеннен кейін: "Мен бұл коалицияның экстремистік сипаты туралы қатты ескерту жасаған едім, көптеген адамдар маған қарсы болды. Кейінгі оқиғалар олардың дұрыс емес екенін дәлелдеді, содан бері қазіргі жағдай одан да нашарлады. Израильге бүгін қауіп төніп тұр",-деп жазды.
Америкалық сарапшының мойындауынша, Израиль аймақтық держава болып табылатын Иранмен бетпе-бет келіп отыр. Бұл режимнің Иранға қарсы дипломатиялық жауабы да, әскери шешім жолы да жоқ.
Фридман Израильдің үш майданда – Газа, Ливан және Батыс жағалауда соғысу перспективасымен бетпе-бет келіп отырғанын айтып: "Ливан Хизбулласы Израиль инфрақұрылымының басым бөлігін – әуежайлар мен айлақтардан әскери базалар мен электр станцияларына дейін жойып жібере алатын жоғары дәлдікке ие зымырандары бар",-деді.
Фридманның мойындауынша, Израильді тек билікте қалуға тырысатын және сот пен түрмеден құтылу үшін кез келген әдіспен билікті ұстағысы келетін адам басқарады.
Осы саяси сарапшының сенімінше, Нетаньяху оңшыл еврей экстремистерімен кабинет құру үшін жанын сатты.
Израильдің бұрынғы Премьер-министрі Эхуд Барак жуырда: "Нетаньяху биліктен кетпесе, Тель-Авив жақын арада мынадай жағдайға тап болады: Бір жағынан Газада қақтығыстар жалғасады. Солтүстікте Хизбулламен кең ауқымды соғысқа кіріседі. Иордан өзенінің батыс жағалауында үшінші интифазаға ұшырайды",-деді.
Барактың айтуынша, Йеменнің Ансарулла қозғалысы мен Ирактың қарсыласу күштері Израильге шабуыл жасайды. Иран да Тель-Авивке байсалды түрде қарсы тұр.
Фридман: "Бұл қақтығыстардың орын алуы АҚШ-ты Батыс Азиядағы ауқымды соғысқа итермелейді",-деп еске салды.
Бұл сарапшы да Батыстың басқа да сарапшылары сияқты АҚШ үкіметіне: "Нетаньяхуға атысты тоқтату келісімін қабылдауға және сионистік тұтқындарды босатуға айырбас ретінде өз күштерін Газадан шығаруға қысым жасасын",-деп кеңес берді.
Ол сондай-ақ қазіргі жағдайды сынаушылардың көбі сияқты Нетаньяхудан биліктен кетуін және басып алынған аумақтарда сайлау өткізуді талап етті.
Сионистік режимнің Соғыс кабинетінің мүшесі Бени Ганц ресми түрде Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың кабинетінен кететінін жариялап, кезектен тыс сайлау өткізуді талап етті. Енді осы кабинеттің экстремист мүшелері көбірек билікке қол жеткізуге тырысуда.