Ливан қарсыласу күштері мен Израиль режимі арасындағы соңғы шиеленістерге шолу
(last modified Thu, 20 Jun 2024 15:17:41 GMT )
Маусым 20, 2024 21:17 Asia/Almaty
  • Ливан қарсыласу күштері мен Израиль режимі арасындағы соңғы шиеленістерге шолу

Америкалық қайраткерлердің айтуынша, Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың АҚШ-пен жаңа жауластығы Ливанның Израильмен шекарасындағы шиеленісті бәсеңдетуге бағытталған дипломатиялық күш-жігерді бұзатындай жағдайға итермелеуі мүмкін.

АҚШ Президенті Джо Байден үкіметіне қарасты үш қайраткердің айтуынша, Нетаньяхудың әрекеті екі одақтас арасында қиын жағдай тудыруы мүмкін, соның салдарынан Израильдің аймақтағы күші әсіресе Ливан Хизбулласы мен Иран алдында жойылуы ықтимал.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Израильдің ақпарат құралдарының айтуынша Ливан Хизбулласының Израильге қарсы соғыс майдандарын біріктіру және Газа секторын қолдауды жалғастыру туралы позициясы саясында АҚШ-тың өкілі Амос Хохштейн Ливаннан Тель-Авивке құр алақан оралды. 

Хизбуланың қарсыласу майдандарын біріктіруге баса назар аударғанынан кейін Хохштейн Ливаннан Тель-Авивке құр қол оралды

Хохштейн бірнеше күн бұрын Ливан Парламентінің төрағасы Набих Берримен кездескеннен кейін өткізген баспасөз конференциясында: "Вашингтон Ливан Хизбулласы мен Израиль арасындағы шекаралық қақтығыстардан кейін үлкен соғыстың алдын алуға тырысуда",-деді.

АҚШ Президентінің арнайы өкілі осы конференцияда Ливан мен Израиль шекарасындағы жағдайды қауіпті деп бағалады.

Бұл ретте Ливан істерін ілгерілету үкіметінің Премьер-министрі Наджиб Микати АҚШ Президентінің арнайы өкілімен сұхбатында: "Ең алдымен Израиль Ливанға қарсы агрессиясын және осы елдің егемендігін үздіксіз бұзуды тоқтатуы керек",-деді.

Микати Израильдің Ливанға қарсы агрессиясын тоқтату қажеттігін баса айтты

Микати: "Біз шиеленістің өршуіне жол бермеуге, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қалпына келтіруге, Израильдің Ливанның егемендігін бұзуын тоқтатуға және Израильдің жүйелі түрде жасап жатқан қылмысы мен қирату әрекеттерін тоқтатуға ұмтылуды жалғастырамыз",-деді.

Кипр Президенті: Біз Израильдің соғыс серіктесі емеспіз  

Кипр Президенті Ливан Хизбулласының бас хатшысы жақында осы елге жасаған ескертуіне жауап ретінде: "Кипр Израильдің Газа мен Оңтүстік Ливанға қарсы соғысында ешқашан серіктес болмайды",-деп мәлімдеді.

Ливан Хизбулласының бас хатшысы сейіт Хасан Насролла жуырда: "Егер Кипр Израильге өзінің әуежайлары мен инфрақұрылымын беретін болса, ол соғыстың бір бөлігі болады",-деп ескертті.

Ливанның ақпарат көздері бейсенбі күні таңертең осы елдің оңтүстігіндегі әл-Хайям қалашығының маңындағы бірнеше нысанның Израиль қырғи ұшақтарының шабуылына ұшырағанын хабарлады.

Ливанның исламдық қарсыласу күштері: "Сәрсенбі күні басып алынған Палестинаның солтүстігінде Израиль күштері шоғырланған позицияларға қарсы 9 операция жүргізді",-деп мәлімдеді.

Ливан Хизбулласы сондай-ақ басып алынған Кафр-Шуба жоталарындағы Израиль армиясының әр-Румаса, әс-Самақа және Забадин әскери базаларын зымырандармен атқылады.

Ливанның ақпарат құралдары бүгін, бейсенбі: "Израильдің қырғи ұшақтары Ливанның оңтүстігіндегі әр-Рейхан ауданындағы жоталарды бомбалады",-деп мәлімдеді.

Ливан Хизбулласы өткен бірнеше айда Израильдің Газа секторындағы қорқынышты қылмыстары мен осы аймақтағы палестиналықтарға геноцид  жасағанынан кейін басып алынған аумақтардың солтүстігіндегі осы режимнің әскери позицияларын нысанаға алды. Бұл осы ауданда тұратын сионистерді үрейлендіріп отыр.  

Тегтер