Индонезия Президенті: Израиль жазадан құтылмауы керек
(last modified Fri, 21 Jun 2024 13:46:05 GMT )
Маусым 21, 2024 19:46 Asia/Almaty
  • Индонезия Президенті: Израиль жазадан құтылмауы керек

Индонезия Президенті Израильдің жазадан құтылмауы керегін айтып: "Егер бұл қылмыстардың бәрі басқа жерде болса, әлем үнсіз қалмас еді",-деді.

Джоко Видодо бейсенбі күні Палестина халқының апатты жағдайына алаңдаушылық білдіріп: "Біздің сенімімізше, Палестинаны заңсыз басып алуды тоқтату арқылы мәселенің түп-төркінін шешуге болады",-деді.

Соңғы мәліметтер бойынша, 2023 жылдың 7 қазанында сионистік режимнің Газаға жаңа шабуылдары басталғаннан бері 37 мыңнан астам палестиналық шәһид болып, 85 мыңнан астамы жараланды.

Израиль режимі 1917 жылы Ұлыбританияның отаршылдық жобасы аясында әртүрлі елдерден еврейлерді Палестина жеріне көшіру арқылы құрылып,  1948 жылы мемлекет ретінде жарияланды. Содан бері Палестина халқын қырып-жою және оның бүкіл жерін иемдену үшін әртүрлі жаппай өлтіру жоспарлары жүзеге асырылды.

Тегтер