Маусым 21, 2024 21:09 Asia/Almaty
  • Еуропаның қаржы институттары Израильді қару-жарақпен қамтамасыз етуге 36 млрд еуро бөлуге кепілдік берді

Бірқатар құқық қорғау ұйымдарының статистикалық есептері бойынша, қазіргі жағдайда Израильге қару сату халықаралық құқықты өрескел бұзу болып табылады.

Бұл туралы 19 құқық қорғау ұйымының альянсы хабарлады. Еуропалық қаржы институттары Израильге қару сатуға 36,1 миллиард еуро бөлуге кепілдік берді.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 2019-2023 жылдар аралығында әлемдегі ең ірі 6 қару өндіруші Израильге қару сатқан. Басып алынған Палестина жерлерін зерттеу жөніндегі тәуелсіз халықаралық комиссияның мүшесі Крис Сидоти Израиль армиясының Газадағы қылмыстарына тоқталып, оны әлемдегі ең қанышер армия деп атады.

Соңғы мәліметтер бойынша, 2023 жылдың 7 қазанында сионистік режимнің Газаға жаңа шабуылдары басталғаннан бері 37 мыңнан астам палестиналық шәһид болып, 85 мыңнан астам адам жараланды.

Израиль режимі 1917 жылы Ұлыбританияның отаршылдық жобасы аясында әртүрлі елдерден еврейлерді Палестина жеріне көшіру арқылы құрылып,  1948 жылы мемлекет ретінде жарияланды. Содан бері Палестина халқын қырып-жою және оның бүкіл жерін иемдену үшін әртүрлі жаппай өлтіру жоспарлары жүзеге асырылды.

ИИР отаршыл Израиль режимін ыдыратып, еврейлерді бастапқы отандарына қайтаруды түбегейлі қолдаушылардың бірі болып табылады.

Тегтер