Маусым 22, 2024 21:59 Asia/Almaty
  • АҚШ Израильдің «Темір күмбезінің» тиімсіздігіне алаңдап отыр

Америкалық дереккөздердің хабарлауынша, Вашингтон Израиль режимінің "Темір күмбез" деп аталатын әуе қорғаныс жүйесінің Ливан Хизболласының шабуылдарына қарсы тиімсіз болуы ықтималдығына алаңдап отыр.

 

CNN үш америкалық қайраткерге сілтеме жасап: «Вашингтондағы кейбір ресми тұлғалар сионистік режим мен Ливан арасында жаппай соғыс болған жағдайда Хизболланың басып алынған Палестинаның солтүстігіндегі осы режимнің әуе қорғанысын, әсіресе "Темір күмбезді" еңсере алатынына қатты алаңдаулы.   

Pars Today агенттігінің хабарлауынша, бұл алаңдаушылық сионистік режим билігінде де бар. Өйткені «Темір күмбез» Хизболланың орасан зор зымыран арсеналы мен оның ұшқышсыз ұшақтарының нысанасына түседі. Сионистік режимнің әуе қорғаныс жүйесі «Темір күмбез» өткен күндері Ливан Хизболласының бірнеше рет сәтті шабуылына ұшырады.

Сейсенбі күні Ливан Хизболласы «Ходхудтың әкелгені» атты бейнеролик жариялады. Бейне таспада сионистік режимнің басып алынған Палестина ішіндегі позициялары, «Темір күмбез» жүйелерін қоса алғанда, әуе қорғанысы жүйелері, теңіз базалары мен Хайфа шығанағы туралы әуе ақпараты бар.

Сионистік режим 2023 жылдың 7 қазанынан бастап Батыс елдерінің толық қолдауымен Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауында Палестинаның қорғансыз және езілген халқына қарсы жаңа жаппай қырғын бастады.

Басқа жақтан Газадағы Палестина қарсыласуы мен Ливан, Ирак, Йемен және Сириядағы басқа қарсыласу топтары бұл қылмыстары үшін басқыншы режим ақы төлейтінін жариялады.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, сионистік режимнің 2023 жылдың 7 қазанынан бастап Газаға жаңа шабуылдары басталғаннан бері 37 мыңнан астам палестиналық шәһид болып, 85 мыңнан астамы жараланды.

Израиль режимі 1917 жылы британдық отаршылдықтың жобасымен және әртүрлі елдерден еврейлердің Палестина жеріне көшуі арқылы құрылды және оның бар екендігі 1948 жылы жарияланды. Содан бері Палестина халқын геноцидке ұшыратып, оның бүкіл жерін басып алу үшін әртүрлі жаппай өлтіру жоспарлары жүзеге асырылды.

  

 

                                     

Тегтер