Бангладеш елшісі: Аймақта ешбір ел Иранмен бәсекелесе алмайды
(last modified Sun, 23 Jun 2024 17:39:45 GMT )
Маусым 23, 2024 23:39 Asia/Almaty
  • Бангладеш елшісі: Аймақта ешбір ел Иранмен бәсекелесе алмайды

Ирандағы Бангладеш елшісі: "Мықты адам ресурстары мен қазба байлығының молдығына байланысты ИИР-да аймақта бірде-бір бәсекелес жоқ",-деді.

Иран мен Бангладештің терең тарихи-мәдени байланыстары бар. Бұрындары ирандық кәсіпкерлері Бангладеште сауда жасаған.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Бангладеш елшісі Иранның Керманшах облысындағы кәсіпкерлермен отырысында: "Иран – бай мемлекет, тек бай мұнай көздерінің болуына байланысты ғана емес. Оның мықты адам ресурсы бар. Осы тұрғыдан алғанда аймақтағы ешбір мемлекет Иранмен бәсекелесе алмайды",-деді.

Ирандағы Бангладеш елшісі: "Дональд Трамп билікке келіп, Иранға қарсы санкция салғанға дейін Иран мен Бангладеш арасында үлкен іскерлік белсенділік болды. Жағдай қайта түзеледі деп үміттенеміз",-деді.

Ирандағы Бангладеш елшісінің Керманшах кәсіпкерлерімен кездесуі

Ирандағы Бангладеш елшісі Керманшах кәсіпкерлеріне: "Үкіметтер емес, елдің жеке сектор өкілдері бір-бірімен тығыз байланыс орнатуы тиіс",-деді.

Ирандағы Бангладеш елшісі сондай-ақ Керманшах облысын көне тарих пен мәдениет жері деп атап: "Бангладеш халқы Иран мәдениеті жайлы жақсы біледі. Мысалы, халқымыздың көбі Керманшахты Шырын мен Фархадтың жері ретінде жақсы таниды",-деді.