Ағылшын бұқаралық ақпарат құралдары: Грекия арқылы түрік тауарларының Израильге экспорты жалғасуда
(last modified Wed, 26 Jun 2024 11:03:38 GMT )
Маусым 26, 2024 17:03 Asia/Almaty
  • Ағылшын бұқаралық ақпарат құралдары: Грекия арқылы түрік тауарларының Израильге экспорты жалғасуда

«Middle East Eye» хабар сайты: «Түркия мен Израиль арасындағы сауда Грекия сияқты үшінші тараптар арқылы жалғасуда. Осы арада Анкара сионистік режимнің  Газадағы қылмыстарына реакция ретінде бұл режиммен саудасын толығымен тоқтатқанын жариялаған болатын»,- деп уәжденді.

 

Британдық Middle East Eye басылымының хабарлауынша, Израиль Орталық Статистика Бюросы жариялаған статистика бұл режимнің  2024 жылдың мамыр айында Түркиядан 116 миллион долларлық тауар имапорттағанын кқрсетті. Бұл, әрине, өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 69 пайызға төмендеп, 377 миллион долларды құрады.

Pars Today агенттігінің хабарлауынша, осы әрекетке себепкер болған екі кәсіпкер Middle East Eye басылымына биыл мамыр айының басынан бері түрік тауарлары басып алынған жерлерге Грекия және басқа елдер арқылы тасымалданғанын айтты.

Бұл мәлімдеме Анкараның Газада тұрақты атысты тоқтату келісімі орнамайынша Израильмен сауда-саттықты толығымен тоқтататынын жарилаған жағдайда жасалып отыр.