Тунистіктер  АҚШ елшісін елден шығаруды талап етті
(last modified Mon, 01 Jul 2024 12:23:16 GMT )
Шіл 01, 2024 18:23 Asia/Almaty
  • Тунистіктер  АҚШ елшісін елден шығаруды талап етті

Тунистіктер Палестина халқына қолдау көрсетуді жалғастыра отырып, Америка елшісін елден шығаруды және сионистік режимнің Газа секторына шабуылын тоқтатуды талап етті.

 

Тунис халқы жексенбі күні Америка елшілігінің алдына жиналып, Израиль режимінің Газадағы қылмыстарын айыптады.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Тунис халқы Вашингтонның сионистік режимге қолдау көрсетуін сынап, Америка елшісін Тунистен шығаруды талап етті.

Тунистіктер Израиль режимінің Газа секторындағы қылмыстарын айыптаумен қатар, басқыншы режим Ливанның оңтүстігіне ауқымды шабуыл жасаса, оларды өз қолдарымен өлтіретінін баса айтты.

Газадағы палестиналықтардың қырғынына байланысты сионистік режимге қарсы өшпенділік толқыны ислам елдерін шарпыды. Бұл мәселенің шарықтау шегі – мұсылмандардың бұл режимге қарсы санкция саясатын енгізу әрекеті.

Израиль режимі 2023 жылдың 7 қазанынан бастап Батыс елдерінің толық қолдауымен Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауында қорғансыз және қысым көрген Палестина халқына қарсы жаңа жаппай қырғын бастады.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, сионистік режимнің Газаға жасаған шабуылдарынан 37 мыңнан астам палестиналық қаза тауып, 85 мыңнан астамы жараланған.