Шіл 30, 2024 21:19 Asia/Almaty
  • Малайзия Парламентінің төрағасы Пезешкианмен кездесуінде: Иран – ислам әлемі үшін сенімді тірек

Малайзия Парламентінің төрағасы Иранның жаңа Президентімен кездесуінде ИИР-дың аймақ тұрақтылығы мен қауіпсіздігін сақтаудағы орны мен рөлінің маңыздылығына тоқталып: "Иран – ислам әлемі үшін сенімді тірек",-деді.

Малайзия Парламентінің төрағасы Иранның жаңа президентінің инаугурация рәсіміне қатысу үшін Теһранға барды.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Малайзия Парламентінің төрағасы Дато Джохарин Абдал Иран Президенті Масуд Пезешкианмен кездесуінде оны осы лауазымға сайлануымен құттықтап: "Пезешкианның билігі кезінде де Иранның аймақта бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауда одан ары белсенді рөл ойнағанына куә болармыз",-деп үміт білдірді.

Малайзия Парламентінің төрағасы сондай-ақ Иран мен Малайзия қарым-қатынасын діни және мәдени ортақтықтарға негізделген тарихи байланыс деп атап, өз елінің Иранмен қатынасты нығайтуға ниетті екенін баса айтты.  

Дато Джохарин Абдал осы кездесуде Малайзияның келер жылы ASEAN одағына төрағалық ететінін айтып, осы ұйымға мүше елдердің Иранмен қарым-қатынасты дамытуға қызығатынын айтып, Азия құрлығының барлық халықтарының мүддесіне сай Иранды осы одақ аясында ынтымақтастықты арттыруға шақырды.  

Малайзия Парламентінің төрағасының Иран Президентімен кездесуі

Масуд Пезешкиан да осы кездесуде Иран мен Малайзия қарым-қатынасын достық және бауырластыққа негізделген деп атап: "Біз жаңа кезеңде екі ел жауапты басшыларының ерік-жігерінің арқасында өзара байланысты нығайтып, дамытуды, екі елдің мүддесіне сай мақсаттарды орындау үшін болашаққа бағдарлама жасап әрекет етуді көздеп отырмыз",-деді.

Иран Президенті Теһран үкіметінің Куала-Лумпурмен екі халықтың діни-мәдени ортақтықтары негізінде саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-технологиялық салаларда қарым-қатынасты нығайтуға ниетті екенін баса айтты.

Масуд Пезешкиан сөзінің басқа бір бөлігінде Газадағы ащы оқиғаларды сионистік режим тарапынан жасалып жатқан геноцидтің айқын үлгісі деп атап, Малайзияның Палестина халқын кесімді түрде қолдап отырғанына алғыс айтып, осы қылмыстарды тоқтату үшін ислам үмбетін одан ары біріге түсуге шақырды.

Тегтер