Иранға қарсы санкциялардың сәулетшісі: Вашингтонның Теһранға қарсы санкциялары тиімсіз болды
(last modified Wed, 04 Sep 2024 11:27:21 GMT )
Қыр 04, 2024 17:27 Asia/Almaty
  • Иранға қарсы санкциялардың сәулетшісі: Вашингтонның Теһранға қарсы санкциялары тиімсіз болды

АҚШ-тың Иранға қарсы санкциялар желісінің сәулетшісі ретінде танымал Ричард Нефио Вашингтонның Теһранға қарсы санкциялық науқанының тиімсіз болғанын мойындады.

 

Барак Обама үкіметіндегі Иранға қарсы санкциялар желісінің   сәулетшісі және Вашингтонның Таяу Шығыс саясаты жөніндегі сараптама орталығының мүшесі Ричард Нефио (Richard Nephew) өз жазбасында былай деді: "Бүгінгі таңда жаңа стратегиялық оқиғалар мен Иранға қарсы санкцияларды жүзеге асыру үшін бұрынғыдан да көбірек сезіліп жатқан қиындықтарға байланысты Иран Ислам Республикасына қарсы халықаралық санкцияларды бұрынғы жылдардағыдай қайта жаңғырту қиынға соқты". Нефио Вашингтон сараптама орталығының веб-сайтында жарияланған бұл жазбада қазір шын мәнінде проблемалық бөлік Иранға қарсы халықаралық санкциялардың жүзеге асырылуы екенін атап көрсетті.

Санкциялар автоматты түрде орындалмайды

Бұл жазбада Американың Иранға қарсы консенсус құру талпыныстарының сәтсіздігіне сілтеме жасай отырып, Нефио, танымал пікірге қарамастан, санкцияларды «жобалау, бақылау және жүзеге асыру» өте қиын міндет және үлкен энергияны қажет  ететінін айтты. Бұл бұрынғы америкалық шенеунік бұл жағдайды суда сырт көзге сабырлы жүзіп жүрген, бірақ су астында күресіп жатқан үйрекке ұқсатты.

Ол санкцияларды жүзеге асырудың қиындықтары туралы былай деп жазады:

"Санкциялар теориялық тұрғыдан өздігінен орындалатын болып көрінуі мүмкін, бірақ іс жүзінде олай емес. Мысалы, Иран өзінің зымырандық құрамдас бөліктерін әкелуге тыйым салуды орындаудан бас тартады, ал компаниялар, жүк тасымалдаушы компаниялар мен банктер мұны автоматты түрде орындамайды".

Ричард Нефионың айтуынша, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына дейін және 2006 жылы осындай қиындықтарға байланысты АҚШ үкіметтерге, банктерге және қызмет көрсетушілерге санкцияларды орындамаудың салдары туралы ескерткен.  Оның жазбасына сәйкес, АҚШ «екінші реттік санкциялар» деп аталатын құрылым құру арқылы бұл қоқан-лоққыларға мән берді және Иранның санкцияланған тараптарымен мәміле жасаған кез келген адам Американың қаржы жүйесінен шығарылатынын жариялады. Ол: "Бұл мақалада анық көрсетілгендей, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы аясында аяқталған Иранға қарсы санкциялар науқаны ауқымды және жобалануы қиын болды. Мұны қайта жасау өте қиын болады, әсіресе қазір ИИР мен Американың басқа дұшпандары өздерінің тәуекелдері мен осал тұстарын жақсырақ түсінеді",- деп жазды.

Нефио «қазіргі уақытта ирандықтар өздерін және активтерін тиімдірек қорғайды» деп: "Трамптың барынша қысым жасау тәсілі белгілі бір дәрежеде мұны растайды. Бұл саясат Иранға айтарлықтай экономикалық әсер етті, бірақ Трамп биліктен кеткенде жаңа ядролық келісімге әкелмеді» деді.

Иранға қарсы халықаралық санкцияларды күшейтудің қиындықтары

Бұл бұрынғы америкалық шенеунік одан әрі соңғы жылдардағы өзгерістер мен жаһандық өзгерістерге тоқталып: «Соңғы жылдары Иранның санкцияларға жауап беру үшін қысым жасау рычагтары кеңірек және жаңа болды",- деді7

Ричард Нефионың айтуынша, қазір ИИР бұрынғыға қарағанда күштірек және мыңдаған белсенді центрифугаларға ие.

Бұл жазбаның соңында: "Бүгінгі таңда 2015 жылы халықаралық қауымдастықтың көпшілігі қабылдаған келісімнің болуы санкцияларды күшейту қиынға соғады. Оның жарамсыздығы туралы қайталанатын аргументтер әлемнің көптеген елдеріне Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламасынан тікелей қауіп төндіретінін көруге сендірмеуі мүмкін",- деп айтылды.

Иранға қарсы санкцияларының сәулетшісінің айтуынша, халықаралық санкция науқаны жүзеге асырылуы үшін халықаралық ынтымақтастық қажет. Ол қазір жоқ нәрсе.

 

Тегтер