Америкалық сенатор: Украиналықтар бір триллион долларлық пайдалы қазбалардың үстінде отыр
АҚШ сенаторы Линдси Грэм бұл елдің Украинаның ресурстарына ашкөз екенін мойындады.
Линдси Грэм америкалық сенатор Вашингтонға Украинаның табиғи ресурстары қажет екенін мойындап: "Киев Ресеймен қақтығысты жеңуі үшін бұл елге әскери көмекті жалғастыру керек",-деп мәлімдеді. Pars Today агенттігінің хабарлауынша, Грэм украиндықтардың АҚШ экономикасы үшін пайдалы болуы мүмкін триллион долларлық минералдарға отырғанын баса айтты.
Оңтүстік Каролина штатының республикашыл сенаторы Грэм украиндықтардың қолындағы ресурстарды Америка Құрама Штаттары үшін маңызды актив ретінде таныстырды.
Осыдан бірнеше күн бұрын Американың Қорғаныс министрі Ллойд Остин Киевтің әскери техникасын көбейтуі керек екеніне тоқталып: "АҚШ өткен маусымнан бері Украинаға 4 миллиард доллар әскери көмек көрсетті",- деді.
Көптеген халықаралық сарапшылар Вашингтонды Украинадағы қақтығысты жалғастыру үшін ұрыс алаңына қару-жарақ енгізу арқылы шиеленісті күшейтуді қалайтын үлкен коалицияның басты актері деп санайды.
2022 жылдың 22 ақпанында Украинада соғыс басталғаннан бері бейбітшілік талқыланған сайын АҚШ шенеуніктері соғыстың созылуы мүмкін және әлем жылдарға созылуы мүмкін соғысқа дайындалуы керек деген мәселені көтеріп келеді.