Қыр 17, 2024 19:32 Asia/Almaty
  • Шығыс Еуропа Американың НАТО саясатымен Ресейдің соғыс алаңына айнала ма?

Өлер алдында Киссинджер Вашингтон Украинадағы дағдарысты тез арада тоқтатуы керек, әйтпесе АҚШ Шығыс Еуропадағы үстемдігінен айырылады деп ескертті.

 

Ресей Президенті Владимир Путиннің Украинадағы соғыс туралы соңғы мәлімдемелері дағдарыстың әлі де шиеленісіп жатқанын көрсетеді.Pars Тoday хабарлауынша, Путин Батыс елдеріне Украинаның алыс қашықтықтағы қаруды қолдануға лицензия беруі НАТО-ның Ресеймен соғысқа кірісетінін білдіретінін арнайы ескерткен. Ол мұндай әрекет қақтығыстардың сипатын айтарлықтай өзгертіп, Мәскеуді тиісті шешімдер қабылдауға мәжбүрлей алатынын атап өтті.

 

Еуропаны ұрыс алаңына айналдыру

Иран және Еуразия талдау орталығының (IRAS) орынбасары және Ресей мәселелері бойынша аға сарапшысы Махмуд Шури Путиннің ескертулері мен Батыстың Украинаны ұзақ қашықтықтағы қару-жарақпен жабдықтау туралы шешімдеріне қатысты Иранның "Құдс" газетіне берген сұхбатында: "Украинаның бұл қарумен кез келген әскери әрекеті Ресейдің реакциясын жаңа деңгейге көтеруі мүмкін",- деді. Ол бір ғана зымыран ұшырудың өзі Ресейді Украинадан тыс жерлерде де жаңа қару-жарақ қолдануға итермелеуі мүмкін екенін айтты.Шури: "Бүгінгі таңда Киевтің ең кішкентай қателігі НАТО мен Ресейдің, басқаша айтқанда, 26 еуропалық мемлекет арасындағы тікелей қақтығысқа негіз бола алады, бұл еуропалық топырағының ұрыс алаңына айналуына әкеледі",- деп сөзін жалғады.Ресейдің бұл мәселеге сезімталдығын баса айта отырып, ол былай деді: "Владимир Путин Батыстың мұндай әрекеті НАТО-ның Ресеймен соғысқа тікелей кіруін білдіреді деп анық айтты".Ол бұл ескертуді Мәскеу мен Киев арасындағы қақтығыс деңгейін арттыру шарасы ретінде пайдалануға болады деп есептейді. Сондай-ақ, Шури Украинаның батыстық ұзақ қашықтыққа ұшатын зымырандарымен шабуылына жауап ретінде Мәскеудің қысқа қашықтықтағы тактикалық ядролық қарумен әрекет ету мүмкіндігін көтерді, дегенмен бұл туралы әлі нақты айту мүмкін емес.

 

Киссинджердің болжамы орындалып жатыр

Америка мәселелері бойынша сарапшы Ханиф Гаффари Путиннің сөздері мен оның соғыстың болашағы туралы көзқарастарына сілтеме жасай отырып, Путин жақында сөйлеген    сөзінде Батыстың Украинаны ұзақ қашықтықтағы қару-жарақпен қамтамасыз етуге араласуына қатысты «шайқас сипатын өзгерту» деген тіркесті қолданды.

Оның айтуынша, бұл әрекет Мәскеу мен Киев арасындағы соғысты Ресей мен НАТО арасындағы соғысқа айналдыруы мүмкін.

Ғаффари сондай-ақ НАТО мүшелерінің Украинаға алыс қашықтықтағы қару-жарақ жіберуге қатысты соңғы жылдардағы дауларына да назар аударды. Грекия, Испания және Венгрия сияқты НАТО-ға мүше кейбір елдер Украина дағдарысы НАТО бақылауынан шығып кетті деп есептейді.

Ол Украинаның Солтүстік Атлантикалық келісімге қосылуын талап ете отырып, НАТО Шығыс Еуропадағы дағдарысты іс жүзінде тудырғанын және Еуропаға үш жылға созылатын тозу соғысын енгізгенін атап көрсетеді.

 

НАТО бастаған соғыс

Ғаффари Кремльдің ұстанымынан кейін АҚШ пен Ұлыбритания Киевке рұқсат беру шешімінен неліктен бас тартты деген сұраққа да юылай деді: " Украина соғысы Ресейдің шабуылынан басталғанымен, стратегиялық тұрғыдан НАТО Солтүстік Атлантикалық келісімді шығысқа қарай кеңейтіп, Ресейді арандату арқылы қақтығысты ашты.  Америка мен Англия НАТО-ны шығысқа қарай кеңейтуді талап етіп, Мәскеуді әрекет етуге мәжбүр етті. Бірақ бүгінде Вашингтон мен Лондон бұл дағдарысты бақылау мүмкіндігінен айырылып, соғыстың Еуропаға таралу мүмкіндігі айтарлықтай артты.      

 

Соғыстың Еуропаға таралу қаупі

Еуропа елдері, соның ішінде Молдова, Голландия, Польша Ресеймен текетіреске түсіп, бұл елдердің аумағы болашақта ресми ұрыс алаңына айналуы мүмкін. Ғаффари Еуропаның Америка жерінде соқыр ойнау арқылы ауыр зардаптарға ұшырағанын атап көрсетеді.

Осы саясаттарын жалғастыра отырып, еуропалықтар соғыс шығындарын өздеріне итермеледі және қауіпсіздік саласында тәуелсіз актер ретінде әрекет етпейінше, халықаралық жүйеде аман қалу үшін дана шешімдер қабылдай алмайды. 

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              

 

Тегтер