AFP: Иран мен Ресей арасындағы қуатты одақ Батысты дүр сілкіндірді
ParsТoday - Француз ақпарат агенттігі Ресей мен Иран арасындағы қарым-қатынастардың кеңеюіне сілтеме жасап: «Бұл қуатты одақ Батысты дүр сілкіндірді»,- деді.
Француз ақпарат агенттігінің пікірінше, Иран мен Ресей арасындағы ынтымақтастық пен одақтың артуы батыс елдерін алаңдатты. ParsТoday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ИИР Президенті Масуд Пезешкиан мен Ресей Президенті Владимир Путиннің Түрікменстандағы кездесуіне сілтеме жасаған мақаласында француз ақпарат агенттігі: «Соңғы айларда Иран Ислам Республикасы мен Ресей империялар дәуірінен бастау алған ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан аймақтық бәсекелестікті ысырып қойып, Батысқа қарсы тұруға назар аударды»,- деп мәлімдеді.
Теһран мен Мәскеу арасындағы тығыз қарым-қатынастар Франс Пресс агенттігінің хабарлауынша, әртүрлі деңгейде кеңейтілді және Иран президенті қазан айында Ресейдің Қазан қаласында өтетін БРИКС саммитіне қатысады деп күтілуде.
Осы есеп бойынша, бір жағынан Иран мен Ресей қарым-қатынасының кеңеюі және екінші жағынан Мәскеудің қарсыласу майданымен қарым-қатынасын кеңейтуі Батыстың аймақтағы одақтастарының алаңдаушылығын тудырды.
Осыған байланысты Америка Құрама Штаттарының Райс университетінің профессоры және Парсы шығанағы аймағындағы жетекші сарапшылардың бірі Кристиан Коутс Ульриксен былай дейді: «Ресейдің Иранмен қарым-қатынасының ұлғаюы және бүкіл аймақтағы «қарсыласу осі» туралы хабарлар Сауд Арабиясы мен Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесінің басқа елдерінің ресми өкілдеріне де ой салады».
Саяси сарапшылар Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымы (НАТО) Шығыс Еуропада алға ұмтылуда, сионистік режим Батыс Азия аймағының қауіпсіздігін нысанаға алды және Иран мен Ресейдің біржақтылыққа қарсы тұрудағы ынтымақтастығы әділетті әлем тәртібін құруға көмектесуі мүмкін деп есептейді.
Бұл ынтымақтастық Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Еуразиялық экономикалық одақ сияқты аймақтық ұйымдарды нығайтуды, сондай-ақ БРИКС сияқты жаһандық бастамаларды қолдауды қоса алғанда, әртүрлі форматтарда жүзеге асуы мүмкін. Иран мен Ресейдің доллардан тәуелсіз қаржы жүйесін құру және біржақты санкциялармен күресу жолындағы бірлескен күш-жігері де осы бағытта маңызды қадам бола алады.