Калифорния университеттерінде мұсылман студенттерге қарсы ұйымдасқан кемсітушілік жасалады
ParsТоday – Америка-Ислам қатынастары кеңесінің Калифорния филиалы баяндамасында Американың Калифорния штатындағы мұсылман студенттердің 49 пайызының қудалау мен кемсітушілікке ұшырағанын хабарлады.
Калифорния штатындағы Америка-Ислам қатынастары кеңесі (CAIR) филиалы «2024 жылғы Калифорния университеттерінің жағдайы» атты баяндамасында осы штаттың университеттері мен оқу орындарындағы исламофобия оқиғаларына тоқталды.
Shabestan ақпараттық агенттігіне сілтеме жасаған ParsТоday хабарлауынша, бұл хабарда: «АҚШ-тың Калифорния штатындағы 87 университеті мен жоғары оқу орындарындағы мұсылман студенттердің 49%-ы қудалау мен кемсітушілікке ұшырайды», - делінген.
Осы есеп бойынша, мұсылман студенттердің 37 пайызы білім беру қызметкерлері діни ерекшеліктеріне байланысты оларды кемсітетінін айтқан.
Кемсітушілікке тап болған студенттердің 47%-ы өз уайымдарын университет басшылығына білдіргісі келмейтінін, ал 36%-ы университет кампусында өз саяси пікірлерін толықтай еркін жеткізе алмайтындарын атап көрсетті.
Айта кетейік, сәуір айының ортасында Колумбия университетінде басталған және әлемнің көптеген университеттеріне тараған палестиналықтармен ынтымақтасу шерулерінен кейін америкалық университеттер студенттерге қатысты қатаң шараларды бастады.
Америкалық полиция осы кезеңде көптеген студенттерді күшпен қамауға алды және заңсыз әрекетімен қамауға алынған кейбір мұсылман студенттердің хиджабын шешпек болды.
АҚШ Конгресінің өкілдері, сондай-ақ Гарвард, Пенсильвания және MIT университетінің ректорлары Израильдің Газадағы қылмыстарына қарсы студенттер мен оқытушылар құрамының наразылығы үшін тексерілді. Бұл әрекет Конгресс Американың кейбір университеттеріндегі студенттердің Газа секторын қолдайтынын жариялау әрекеттерін айыптаған қарар қабылдағаннан кейін орын алды.