Молла Ахтар Мансурдың өлімі: АҚШ-ның саясаты
https://parstoday.ir/kz/news/world-i8005-Молла_Ахтар_Мансурдың_өлімі_АҚШ_ның_саясаты
АҚШ-тың Пәкістанға шабуыл жасап, әл-Қаида лаңкестік тобының басшысы Бен Ладенді өлтіргеннен бес жылдан кейін АҚШ-тың ұшқышсыз ұшақтары қайтадан Пәкістанның әуе кеңістігін бұзып, тәліптер басшысы Молла Мансур Ахтарды нысанаға алып, өлтірді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 23, 2016 10:59 Asia/Almaty
  • Молла Ахтар Мансурдың өлімі: АҚШ-ның саясаты

АҚШ-тың Пәкістанға шабуыл жасап, әл-Қаида лаңкестік тобының басшысы Бен Ладенді өлтіргеннен бес жылдан кейін АҚШ-тың ұшқышсыз ұшақтары қайтадан Пәкістанның әуе кеңістігін бұзып, тәліптер басшысы Молла Мансур Ахтарды нысанаға алып, өлтірді.

Исламабад үкіметі АҚШ-тың Пәкістанның жерінде жасаған шабуылына реакция білдіріп, бұл әрекетті айыптады.

Аймақ пен әлем деңгейіндегі лаңкестік топтардың құрылуына жасаған шолу олардың құрылуы мен күшеюіне АҚШ-тың барлау ұйымдарының қатысқанын көрсетеді. Сондай-ақ, бұл топтар мен олардың басшылары АҚШ-на пайдалы болғанша Вашингтонның қолдауына ие болып, қажетсізге айналған кезде жойылады. Осыған орай АҚШ-тың лаңкестікпен күрес саласындағы лаңкестік және қатыгез топтардың басшыларын өлтіру туралы уәждеріне қарамастан, аймақ пен әлем деңгейіндегі лаңкестік пен экстремизм құрымақс түгілі күшейіп, әрекеттерін жалғастырып жатыр. Сол себепті, саяси сарапшылардың пікірінше, АҚШ-тың Пәкістанның тәуелсіздігі мен ұлттық егемендігін бұзатын әрекеті және тәліптердің басшысын нысанаға алу Вашингтонның экстремизмге қарсы саясаты саналмайды. Бұл тәліптер басшысына Пәкістанда болу үшін Ауғанстандағы АҚШ-тың мақсаттары мен бұйрықтарына бағыну керек деп жасалған ескерту болды. Осыған орай Ауғанстанның бұрынғы және қазіргі басшылары сан рет тәліптерден бөгделердің құралдарына айналмай, елдегі бейбітшілік үдерісіне қосылып, бөгделердің елдің ісіне араласуына мүмкіндік бермеуді сұраған болатын. Тәліптердың бұрынғы басшысы Молла Омардың өлімінен кейін тәліптердің басшыларының көбі Молла Ахтар Мансурды тәліптер басшысы ретінде сайлады. АҚШ тәліптердің Пәкістанның ASA барлау қызметінің бақылауына түскеніне риза емес. Өйткені мұндай жағдай Вашингтонның Ауғанстан мен Пәкістандағы саясаттарын жүргізуге кедергі болады.

Сондықтан АҚШ-тың Молла Ахтар Мансурды өлтіруі бұл ел мен Пәкістан арасындағы қайшылықтарды көрсетеді. АҚШ-тың Пәкістанға беретін қаржы көмектерін тоқтатуы және оны қайтадан жіберуді АҚШ Конгресінің жаңа кезеңімен байланыстыруы Исламабад пен Пәкістанның аймақтың, әсіресе Ауғанстан өзгерістеріне қатысты қайшылықтарын әшкереледі. Тәліптер басшысы Молла Ахтар Мансурдың өлімі АҚШ пен Пәкістан арасындағы Ауғанстанның келешегі туралы ұстанымдарының қайшылықтарын арттыруы мүмкін. АҚШ бұл мемлекетке өзінің әскери базасы ретінде қарайды. Сонымен бірге Ауғанстанда өзінің әскери базаларын орналастырып, экстремизм мен лаңкестікті Орталық Азия мен Кавказға кеңінен тарататын ұзақ мерзімді саясаттарын іске асыра алады. Осыған орай АҚШ Ауғанстан мен аймақтағы белсенді экстремистік және лаңкестік топтарды өз бақылауына алуға әрекет жасап, Пәкістан жерінде Ауғанстан тәліптерінің басшысы Молла Ахтар Мансурды өлтіріп, Пәкістанның ASA барлау қызметінің саясаттарын қабылдамайтынын көрсетті.