Арақчи мен Ердоған кездесті
ParsToday - Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жұма күні Иран сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчимен кездесуінде: «Келіссөздерді қайта бастау — ядролық қақтығысты шешудің жалғыз жолы»,- деп баса айтты.
Түркия президенті Иран сыртқы істер министріне былай деді: «АҚШ пен Иран жоғары лауазымдылары арасындағы жақын арадағы келіссөздер дипломатия жолын ашу үшін өте маңызды».
Осы кездесуде екі тарап аймақтың соңғы өзгерістер, сонымен қатар Израильдің Иранға соңғы шабуылын талқылап, пікір алмасты.
Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Ислам ынтымақтастығы ұйымы сыртқы істер министрлері отырысының ашылуында тағы да Израиль режимінің Иранға шабуылын айыптады.
Сейед Аббас Арақчи сенбі таңертең Стамбұлға Ислам ынтымақтастығы ұйымының отырысына қатысу үшін келді. Арақчи Түркияға келген кезде БАҚ өкілдеріне: «Мен Ислам ынтымақтастығы ұйымы елдері сыртқы істер министрлерінің отырысына қатысу үшін келдім. Бұл отырыс алдын ала жоспарланған еді» деп айтты.
Ол сөзінің жалғасында былай деді: «Соңғы оқиғалар мен Израиль режимінің агрессиясына байланысты біз бұл мәселеге арналған арнайы кездесу өткізу туралы өтініш жасадық, ол қабылданды және бұл кездесу өтеді. Сондай-ақ, бұл агрессияны қатаң айыптайтын өте жақсы әрі күшті мәлімдеме жарияланады деп сенеміз», деді.
13 маусым таңертең сионистік режимнің Теһранға және елдің басқа бірнеше қаласына жасаған шабуылында Иранның бірқатар әскери қолбасшылары, ғалымдары және қарапайым азаматтары шәһид болды. Сионистік режимнің бұл қылмысынан кейін Ислам революциясының жетекшісі телеарна жолдауында «Иранның қарулы күштерінің сионистік режимді дәрменсіз ететінін» баса айтты.
ИИР сионистік режимнің жабайы шабуылына жауап ретінде 13 маусым кешке басып алынған жерлерге (Израильге) қарсы ондаған зымырандар атып, «Шын уәде 3» операциясын бастады. Сионистік режимнің басқыншылығын жалғастыруына байланысты «Шын уәде 3» операциясының келесі кезеңдері іске асырылды. Майданнан келіп түскен хабарлар, бейнелер мен барлау мәліметтер ондаған зымыранның стратегиялық нысандарға тигенін көрсетеді.