Ертең Зарифтің Еуропаға кезекті сапары басталады
Ертең, жексенбі күні Иран Сыртқы істер министрінің бірнеше еуропалық елге кезекті сапары басталады.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифтің Польша, Финляндия, Швеция және Латвия елдеріне кезекті сапары 29- шы мамыр, жексенбі күні басталып, 4- ші маусымға дейін жалғасатын болады. Зариф Еуропаға 6 күндік сапарында алдымен Польшаға барып, сол елдің қайраткерлерімен кездесіп, әңгімелесуден кейін Финлияндияға аттанады. Сапардың жалғасында Швеция мен Латвияға ат басын бұрады.
Иран Сыртқы істер министрі еуропалық елдердің Сыртқы істер министрлерімен кездесулер өткізумен қоса, осы елдің бірнеше жоғары мәртебелі қайраткерлерімен де жүздеседі. Иран Сыртқы істер министрі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы жөніндегі келісімнен кейін байланыстарды кеңейту бағытында түрлі құрлықтарға кезекті сапарын жасады. Зарифтің соңғы кезекті сапары оңтүстік- шығыс Азия елдері мен Жаңа Зеландия және Австралияға жасаған сапары болды.