Зариф пен Литва Сыртқы істер министрі Теһранда кеңесті
(last modified Sat, 28 May 2016 16:44:04 GMT )
Maм 28, 2016 22:44 Asia/Almaty
  • Зариф пен Литва Сыртқы істер министрі Теһранда кеңесті

Иран мен Литва Сыртқы істер министрлері екі жақты байланысты кеңейту туралы сұхбаттасты.

Иран қайраткерлерімен кеңесу үшін үш күндік сапармен Теһранға келген Литва Сыртқы істер министрі Линас Линкявичюс сенбі күні Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифпен кездесуінде қос жақты байланыстың түрлі қырлары мен аймақтық және халықаралық өзгерістер туралы сөйлесті.

Аймақ және әлемнің қауіпсіздік ахуалы, лаңкестік және ДАИШ-пен күресу жөнінде ақылдасу Иран мен Литва Сыртқы істер министрлерінің сұхбаттасқан тақырыптары болды.

Литва Сыртқы істер министрі, сондай-ақ Иранның Экономика және қаржы министрі Али Тайебния және Иранның Сауда, өнеркәсіп, кен және ауыл шаруашылығы палатасының төрағасы Мохсен Джалалпурмен кездесіп, әңгімелесуді жоспарлап отыр.

«Фарс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Литваның сауда палатасы мен Иранның сауда, өнеркәсіп, кен және ауыл шаруашылығы палатасы арасында бірлескен сауда отырысын өткізу Литва Сыртқы істер министрінің Теһранға сапарының бағдарламаларына жатады.

Литва Сыртқы істер министрінің Теһран сапарында осы елдің Энергия министрінің орынбасары Александрас Спруогис пен Сауда палатасы одағының төрағасы Римантас Шидлаускас жетекшілігіндегі бір сауда делегациясы келді.