Кремль: Америка біздің Таяу Шығыс қақтығысын шешу бойынша ұсынысымызды қабылдамады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i83776-Кремль_Америка_біздің_Таяу_Шығыс_қақтығысын_шешу_бойынша_ұсынысымызды_қабылдамады
ParsToday- Кремль АҚШ-тың Ресей арқылы Иранның байытылған уранды сатып алу ұсынысын қабылдамағанын айтады.
(last modified 2026-04-16T10:39:14+00:00 )
Сәу 16, 2026 15:30 Asia/Almaty
  • Кремль: Америка біздің Таяу Шығыс қақтығысын шешу бойынша ұсынысымызды қабылдамады

ParsToday- Кремль АҚШ-тың Ресей арқылы Иранның байытылған уранды сатып алу ұсынысын қабылдамағанын айтады.

ParsToday хабарлауынша, Кремльдің өкілі Дмитрий Песков: «Таяу Шығыс қақтығысын шешу үшін «Ресей Иранның байытылған уранды өз аумағына қабылдауға дайын болды, бірақ бұл ұсыныс АҚШ тарапынан қабылданбады»,- деп мәлімдеді. 

Песков India Today-ге берген сұхбатында: «Жақсы шешім болар еді. Бірақ өкінішке орай, американдық жақ бұл ұсынысты қабылдамады» деді.

Ресей өткен жылдың маусым айында алғаш рет Иранның уран қорын осы елге тасымалдауды ұсынған; бірақ ешқандай шара қолданылмады. Жаңалықтар агенттіктерінің мәліметтері бойынша, Ресей осы аптада бұл ұсынысты қайта көтерді.

Америкалық БАҚ-тар дереккөздерге сілтеме жасап, АҚШ президенті Дональд Трамптың үкіметі бұл ұсынысты қабылдамағанын хабарлады. Өз кезегінде Иран: «Кез келген шешім Америка Құрама Штаттарымен, соның ішінде ядролық бағдарламасы бойынша келісімге келе алуына байланысты болады»,- деді.

Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары өткен жылы: «Ресей Ираннан бұл қорларды шығарып, оны азаматтық реактор отынына айналдыруға дайын екенін мәлімдеген, бұл келіссөздерді жеңілдетуге көмектеседі»,- деп айтқан болатын.