Bloomberg: Иранның шикі мұнай тасымалдаушы супертанкер Үндістанға жетті
ParsToday - Bloomberg жаңалықтар желісі Иран шикі мүнайының шамамен 4 миллион баррелі Үндістанға жеткенін хабарлады.
Bloomberg жаңалықтар желісі ақпарат көздеріне сілтеме жасап, олардың аты аталмауын сұрағанын мәлімдеп, Иран шикі мүнайының шамамен 4 миллион баррелі Үндістанға жеткенін айтты.
Bloomberg есебінде: «Үндістан АҚШ санкциясынан босату мерзімінің осы аптаның соңында аяқталуына дейін өз мұнай жүктемелерін сақтау үшін импорт процесін жылдамдатты» делінген.
Bloomberg есебі былай деп жалғастырады: «Оқиғадан хабардар адамдар мен экспорт жүктемелерін бақылайтын TankerTrackers.com («Кеплер») ақпарат фирмасы және Vortexa энергия талдау компаниясы кеме бақылау деректері бойынша, Иран шикі мұнайын тасымалдаушы супертанкер Үндістанның шығыс жағалауындағы Парадип портында тоқтаған».
Үндістан АҚШ-пен Иранның Чабахар портын дамыту және пайдалануға қатысуға байланысты санкциядан босату мерзімін ұзарту бойынша келіссөздер жүргізуде; бұл босату 26 сәуірде аяқталуы тиіс.