Шәһид болған Ислам революциясы жетекшісі естеліктері орыс тілінде жарық көрді
ParsToday - Пехлеви дәуіріндегі жер аударылу және түрмеде отырған кезеңдері туралы шәһид болған Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеидің естеліктері «14-ші камера» кітабы орыс тілінде жарық көрді.
ParsToday Иран Телерадио бірлестігі ақпар тарату агенттігініе сілтеме жасай хабарлауынша, «14-ші камера» кітабы - аятолла Сейед Әли Хаменеидің Ислам революциясы күрестері кезіндегі түрмелер мен жер аударылудан естеліктері. Бұл кітаптың түпнұсқасы араб тілінде жазылып, Бейрутта «Инн ма әл-саб'р насра» (Сабыр - жеңіс) деген атпен басылып шыққан, содан кейін парсы тіліне аударылып, басылып шыққан.
Енді Александр Андрюшкин аударған бұл кітап AST және Sadra баспа үйі тарапынан 256 беттен тұратын орыс тіліне аударылып, Ислам революциясының тарихы мен революцияның шәһид жетекшісінің жеке басына қызығушылық танытқандар үшін қолжетімді.
Бұл кітапты ұқсас кітаптардан ерекшелейтін нәрсе - даналық, сабақтар мен өсиеттердің көрінісі, олардың әрқайсысы кітап оқырмандарына, әсіресе жастарға Пехлеви режимінің трагедияларымен, сондай-ақ күрескерлердің қиындықтарымен, ащылығымен және азаптарымен, революционерлердің табандылығымен, қарсылығымен, тазалығымен және сенімімен танысуға мүмкіндік береді.
AST Publications бұған дейін қасиетті Құранның, «Нахдж ул-Балағаның» орыс тіліндегі аудармалары, сондай-ақ Ибн Сина қоры мен Садра Publications өз қаржыландыруымен дайындаған «Нахдж ул-Балағаның» орыс тіліндегі аудиокітабын шығарған.